Азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру
Экспозициялық көрмелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі - 1 бірлік
19.01.2026 жыл Шымкент қаласы
Түркістан облысы мәдениет басқармасының «Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, мекен-жайы: 160000, Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы, 115 А ғимарат, кадрлар бөлімі кабинеті, анықтама телефондары: 8777-308-70-02, Электрондық пошта:
1.Экспозициялық көрмелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі - 1 бірлік
2.Ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету (жалпы тарих, археология, этнография) бөлімінің меңгерушісі – 1 бірлік
3.Ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету (қазіргі заман тарихы) бөлімінің меңгерушісі – 1 бірлік
4.Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгеруші – 1 бірлік
Еңбекке ақы төлеу, еңбек режимі еңбек шарты және ұжымдық шарттарда айқындалады.
Лауазымдық міндеттері:
бөлім қызметіне басшылықты жүзеге асырады, музей бағдарламаларын, жобаларын, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану және музей ісі саласындағы мәдени саясатының тұжырымдамаларын, жаңа экспозициялар мен көрмелердің тақырыптық-экспозициялық жоспарларын жасауға және жүзеге асыруға қатысады;
ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындайды, зерттеу және ғылыми-әдістемелік, экскурсиялық және дәрістік жұмыстарды ұйымдастырады, музейдің ағымдағы және перспективалық жоспарларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Музей (музей-қорық) қорларының музейлік маңызы бар заттармен толықтырылуы жөніндегі жұмыстарды, ғылыми-анықтамалық материаларды, каталогтарды, қызмет бағыты бойынша әдістемелік құралдарды әзірлеуді ұйымдастырады.
бөлім қызметкерлеріне қызмет мәселелері бойынша әдістемелік және кеңестік көмек көрсетеді, музей заттарының бүлінуі, жоғалуы және ұрлануы жағдайында музей, музей-қорық басшылығын хабардар етеді;
қорларға профилактикалық тексеруді ұйымдастырады, сақтау қоймасын дезинфекциялауды, құрғатуды, желдетуді қамтамасыз етеді, температуралық-ылғалдылық режимді бақылайды;
зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізудің жоспарлар мен әдістемелік бағдарламаларын әзірлейді;
тиiстi бiлiм саласында ғылыми кадрлар дайындау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асырады
қызметкерлермен еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;
музей заттарының сақталымына материалдық жауапкершілікте болады.
Білуге тиіс:
ҚР конституциясын;
Конституцияны;
Еңбек кодексін;
"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын.
Осымен бірге өртке қарсы қауіпсіздік шараларын;
еңбек қорғау ережелерін және нормаларын білу тиіс.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, жаратылыстану пәндері бойынша, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мәдениет және/немесе білім және/немесе ғылым және/немесе архив ісі және/немесе экономика және/немесе құқық салаласында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, жаратылыстану пәндері бойынша, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін 2 жылдан кем емес.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар қажет:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.
Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.
Әңгімелесуді өткізу орны: Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы, 115 А ғимарат.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: ұйымның интернет - ресурсында хабарландыру орналастырылған күннен бастап 16 күнтізбелік күн ішінде.
