Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
8 747 154 35 95 — Әбдібек Аделина
Кіру
Тіркелу

Қазақ хандығы - қазақтардың ХV-ХІХ ғасырлар аралығында қанат жайған, тәуелсіз ұлттық мемлекеті.  Қазақ хандығының құрылуы  ХІV – ХV ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы әлеуметтік-экономикалық және этносаяси үрдістердің заңды нәтижесі болды. ХVғасырдың ортасында Қазақстан аумағында тұрғындардың шаруашылық, қоғамдық мүддесін қамтамасыз ететін қуатты мемлекет құру қажеттілігі туындады.

Дешті Қыпшақ даласында, тарихшылардың айтуынша, Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» атанған мемлекет пайда болады. Бұл мемлекеттің билік аумағы ХV ғасырдың орта шенінде Сырдарияның бастау ағысынан Сібір хандығына дейінгі ұланғайыр жерді алып жатты. Бірақ осылай бола тұра, билік үшін ішкі тартыс пен қырқыс толастамады. Әбілхайыр хан Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды қудалап, өшпенділігін өршітті. Солардың қатарында жүрген Керей мен Жәнібек соңына ерген ауылдарды көшіріп әкетіп, Шудың бойын сағалады. Оларды Моғолстан билеушісі Есенбұға хан өз жағына тартып, Шу мен Қозыбасы аймақтарын иеліктеріне береді. Оларға келіп қосылушылар көбейді. Сөйтіп, 1465 жылы Қазақ мемлекеттілігінің негізін  салған дербес хандық құрылды.  

Қазақ хандары

Сонымен Қазақ хандығының іргесін көтеріп, нығайтқан Керей мен Жәнібек. Қазақ хандығының алғашқы тағына ата-баба дәстүрімен жолы үлкен, Керей отырды. 1480 жылы  Жәнібек хан қайтыс болған соң жолы үлкен Бұрындық Керейұлы билікті өз қолына алды. Одан кейін Жәнібектің ұлы Қасым таққа отырды. Қазақ хандығының мемлекет ретінде нығайып, кемеліне келген кезі осы тұс.

Қасым хан.  1511-1523жылдары билік тізгіні Қасым ханның қолында тұрғанда ішкі және сыртқы саяси жағдай жақсара түсті. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне түгелдей қаратып алу еді.  ХVІ ғасырдың екінші онжылдығында қазақтар жайлайтын ұланғайыр аумақты Қасым хан өзінің қол астына біріктірді. Қазақ хандығын күшті мемлекетке айналдырған  әйгілі Қасым тарихта «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен қалды. Ол ақсүйектердің қарсылығын әлсіретті, әскерді күшейтті, хандықтың жер көлемін кеңейтті. Елді билеу сол жарғының негізінде жүргізілді. Қасым хан тұсында ірі қуатты мемлекет болған  Қазақ хандығы өз алдына сыртқы саясат жүргізді. Ресеймен қарым-қатынас орнатты.

Хақназар хан.Қасым ханнан кейінгі Қазақ мемлекеттілігін нығайтуға зор үлес қосқан ханның бірі – Хақназар хан (Ақназар) еді. Ол хандықты 42 жыл биледі. Хақназар ел басқару, әскри-саяси істер мәселесінде өте қажырлы, қабілетті қайраткер еді.

Есім хан(1598-1628).   Қазақ халқы тарихында  «Еңсегей бойлы Ер Есім », «Есім ханның Ескі жолы» деп аталған Есім хан   Қазақ хандығының жерін кеңейту үшін үздіксіз күресті. Оның тұсында Түркістаннан Самарқанға дейінгі жер Қазақ хандығына қарады.Есім хан қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салды. Ойрат-қалмақтарға қарсы күрес жүргізеді. Есім хан ел билегенде бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрыптарды қолданды. Сондықтан ол «Есім ханның ескі жолы» деп аталды. Түркістанда жерленген.

Тәуке хан (1680-1718). Тәуке Жәңгір ханның баласы. Оған әкесінен кең байтақ жер, жақсы жайылым, ірі қалалар мұра болып қалады. Олар Түркістан, Сайрам, Ташкент қалалары болса керек. Қазақ хандығының ішкі, сыртқы жағдайы қиын кезде қырық жылға уақыт хан болды.  Қазақтың атақты билері Төле, Қазыбек, Әйтекемен бірлесе отырып, бүкіл қазақ елінің басын біріктіруге ұмтылды. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдарын  «Жеті жарғы» деп аталатын заңдылық нормаға біріктірді. Ел арасында бұл заң Әз-Тәукнің «Жеті жарғысы» деген атпен тарихқа енді.

Абылай хан (Әбілмансұр) (1711- 1781) – Әз-Тәукеден кейінгі қазақ мемлекеттілігіне ересен еңбек сіңірген Абылай хан –тарихымыздағы ерекше тұлғалардың бірі. Ол өзінің сұңғыла саясаткерлігінің, қажымас қайраткерлігінің арқасында бірнеше хандыққа ыдыраған қазақтың еңсесін ьқайта тіктеп, жойылып кетуден сақтап қалған. Соғыс өнеріне жетік, жаужүрек, шешендік пен тпқырлыққа келгенде дара туған Абылай аумалы-төкпелі заманда ел басқару тізгінін қолға алды. Қазақтың кемеңгер билері Төле мен Қазыбек бидің тәрбиесін көрген Әбілмансұр сұлтан тарихта Абылай хан атанып, қазақ мемлекеттілігін күшейтіп кетті. Оның басқаруымен қазақ жері қалмақтардан толық тазартылды. Ресей мен Қытай секілді алып мемлекеттермен сауда, экономикалық қарым-қатынастар орнатылып, қажыған елдің еңсесін тіктеді.