Теріден жасалған бұйымдар. Атам қазақ ат үстінде жүргенде, қымыз, қымыран немесе жай ғана шалап, су құйып алып жүрген торсықтар. Саба - мал терісіне бедерлеп таңбалы тас бейнелерін түсіріп, түбі тұтас, үш жаны таспамен тігіліп біріктірілген жерінің төменгі үш бұрышына мүйізді шашақ бекітіп, жоғарғы үш құлағына аттың қылынан есілген шашақ тағылған. Бұл ды қымыз, қымыран құюға арналған ыдыстар. Бірақ бұны жолда алып жүрмейді. Киіз үйдің ішінде тұрады. бұлардың барлығы да малдың терісінен жасалынады. Төбесіндегі піспегі, астындағы саба аяғы деп аталады. Тартпасында былғарыдан жасалынған кеселерімен. Бұлардың барлығы да қазіргі қол-өнер шеберлерінің қолдарынан шыққан.
