Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
8 747 154 35 95 — Әбдібек Аделина
Кіру
Тіркелу

(15 тамыз 1930, – 29 ақпан 1992, Отырар ауданы) – композитор, Қазақстанның халық әртісі (1991), Қазақстанның Еңбек Ері (2022, қайтыс болғанынан кейін). Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Кіші жүздің Жағалбайлы руынан. Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы замандағы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. Әсем да ақылды көкөрім жасты ғана емес, ересек, егде қауымның да, сан түрлі мамандық, алуан ұлт адамдарының да көңілін баурап алды. Халық арасында әсіресе күллі отаншылдық, елшілдік нотасын тап басқан "Менің Қазақстаным" туындысы айрықша мәшһүр болды. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы ұл-қыздар Алматы алаңдары мен көшелерінде Шәмшінің осы әнін ұрандай шырқап шықты. 2005 жылдан "Менің Қазақстаным" туындысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны болып бекітілді.