Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 771 660 72 03 — Пошан Несібелі Бауыржанқызы
Кіру
Тіркелу

Жалпы адамзат баласы оңтүстік өңірін ерте тас ғасырынан бастап мекендеген. Оған дәлел бола алатын бірден бір тұрақ Түлкібас жерінде орналасқан
Неолит дәуіріне жататын Қараүңгір тұрағы. Сіздердің алдарыңызда тұрған сол Қараүңгір тұрағының макеті. Бұл тұрақты белгілі археолог, ғалым Хасен Алпысбаев 1959 жылы ашқан. Бұл үңгірдің ішінен сол заманда мекен еткен қасқыр, құлан, марал, аю сияқты жануарлардың сүйектері табылған. Алғашқы адамдар әрине аңшылықпен және терімшілікпен күн көрген. Сонымен қатар, Арыстанды мәдениетінің ең көне тас құралдары үлкен Қаратау жотасының Арыстанды өзені аңғарынан Ш.Уәлиханов атындағы тұрақтан табылған тастан жасалған еңбек құралдары, неолиттік дәуірге тиесілі қырғыштар, неуклеустер, пышақ тәрізді қалақтар, жебенің ұштары, тескіштер экспозициямыздан орын алған.