Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 771 660 72 03 — Пошан Несібелі Бауыржанқызы
Кіру
Тіркелу

Біздің өңіріміздің табиғатын, флорасын, фаунасын, жалпы геологиясын, зоологиясын зерттеген ғалымдар. Мақтанышымыз Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – геолог, ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик. Оның жанындағы шәкірті, қазақтан шыққан тұңғыш әйел ғалым – Патшайым Тәжібаева. Және де облыстық музейдің негізін салушылардың бірі, музейдің музей болып қалуына өзінің үлесін қосқан – Тризна Борис Петрович.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі — ресейлік және кеңестік геолог, минералогия ғылымдарының докторы, профессор, академик.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – Қазақ КСР Ғылым Академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Кеңес Одағы мен Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтың тұңғыш академигі. Ол Қазақстандағы ғылыми және техникалық дамудың көшбасшысы болды. Қазақтан шыққан тұңғыш ғылым докторы, Шығыс елдерінің ғалымдары арасында ғылым мен техника саласындағы КСРО алғашқы академигі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының және Қазақстандағы Ленин сыйлығының бірінші иегері болды.
Патшайым Тәжібаева (1920 – 1991) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1960), профессор. Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1967). Негізгі ғылыми еңбектері Орталық Қазақстанның шөгінді жыныстары мен кен тастарын зерттеу мәселелеріне арналған.