Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
8 747 154 35 95 — Әбдібек Аделина
Кіру
Тіркелу

Байбек Ермеков - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 15 ақпан 1900 жылы, Шымкент облысы (қазіргіОңтүстік Қазақстан облысы), Келес ауданы (қазіргі Сарыағаш ауданы) В.И.Чапаев атындағы совхозда туған. Еңбек жолдары 1939 жылдан КОКП мүшесі. 1918-1929 жылдары мұрап. 1930-1937 және 1944-1952 жылдары Шымкент облысы (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы), Келес ауданы (қазіргі Сарыағаш ауданы «Қызыл әскер» колхозы председателі. 1934-1937 жылдары ол басқарған шаруашылық әр гектардан 31 ц-ден мақта, ал 1944-1952 жылдары әр гектардан 85,5 ц-ден шитті мақта жинады. 1-3 сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болды. Наградалары: Ленин ордені, 2 рет "Құрмет белгісі" ордені, 2-дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені, Еңбек Ері (1948)

М.Тасова (1923-ж.ж.) Отырар ауданында туылған. 1941 ж. Еңбек Ері (1978) Түркістан педогогикалық училищесін бітірген. 1947-61 ж. Қазақстан КП Шымкент обл. Комитетінде нұсқаушы, қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, №7 мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, №2 қыздап интернат-пансионатының директоры. 1961-85 ж. Шымкенттегі №12 мектеп-интернатының директоры, облыстық педагогтар қоғамы кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.М.Тасова «КСРО ағарту ісінің үздігі», «Қазақ КСР халыққа білім беру ісінің үздігі», Шымкен облыстық және қалалық халық депутаттары Кеңесінің депутаты, Бүкілодақтық мұғалімдер съезінің (1968, 1978) және Қазақстан мұғалімдерінің 2,4-съездерінің делегаты болып сайланған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдарымен марапатталған.

Д.Бопова (1933-2000жж.) еңбек ардагері, облыстың құрметті азаматы (2003). Шымкент пед. инс. (1960), КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебін бітірген. Еңбек жолын 1948 ж. Арыс қ. Орта мектепте кітапханашы болып бастаған. 1950-59 ж. Арыс аудандық комсомол комитетінде хатшы-машинка басушы, есепке алу секторының меңгерушісі, аудандық партия комитетінің техникалық хатшысы, нұсқаушысы, аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру-партия жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ғылым және оқу орындары бөлімінің меңгерушісі, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. «Құрмет белгісі» (1971), Еңбек Қызыл Ту (1980) ордендерімен, «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Өнер тарландары. Қ.Жандарбеков (1905-1973 ж.ж.) – әнші, актер, режиссер, педагог, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі. Қазақстанның халық әртісі (1936 ж). 1918 ж. Ташкент пед. уч. 1928-29 ж Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтында оқыған. 1926- 34 ж. Қазақ драма театрында, 1934- 44 ж. Қазақ муз. театрында (опера және балет театры) өнер көрсетті. 1944 -48 ж. Қазақ опера және балет театрының көркемдік жетекшісі, 1953-55 ж. директоры. 1961 ж. өмірінің соңына дейін Алматы консерваториясында ұстаздық етті. Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

Ғ.Ильяев (1918-1991ж.ж.) – қолөнер шебері, КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1957). Ұлы Отан соғысынақатысқан.

Ташкент көркемсурет училищесін бітірген (1936). 1945 – 60 жылдары Шымкент көркемсурет-өндіріс шеберханасының, 1960 – 78 жылдары көркемсурет мектебінің директоры болды. Иляев кілем, сырмақ, алаша, басқұрларға арнап ою-өрнек (15 мыңға тарта үлгі) жасады. Ол, әсіресе, өрнектің жатықтығы мен сызықтардың әсем дөңгеленуіне мән беріп, анықтығы мен үйлесімдігін дәл таба білген шебер. 1958 ж. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде Иляевтің 88 туындысы көрмеге қойылып, лайықты бағасын алған. Суретші ою-өрнектердің зооморфтік, өсімдік тектес және геометриялық түрлерін жүйелі зерттеп пайдалануды іске асырды. Оның 500-ден астам еңбегі республикамыздың галереялары мен көркемөнер қорына алынған. “Қыз қуу”, “Сәлем”, “Айтыс” композициялық төл туындылары үйлесімді бояу үндестігімен көзге түседі. “Гүлденген оңтүстік”, “Көктем” атты кілем эскиздері сонылығымен ерекшеленеді. Әсіресе, соңғысында қазақ халқының байырғы қолөнеріне тән қошқар мүйіз, толқын, бұғы мүйіз, құс қанат, құс таңдай сияқты өрнекті оюлар әдемі тоғысқан. Иляев тұскиіздің, сырмақтың, үй ішіне тұтынатын, т.б. алуан түрлі заттардың ою-өрнектерін жасады.

Тыныбеков Құрасбек (1947 - 1980) - тоқыма суретшісі, қазақ ұлттық гобеленнің негізін салушылардын бірі. Атматы көркем-сурет училищесін (1966) және Львов сән және қолданбалы өнері институтын (1971) бітірген. Атматы көркемсурет училищесінде (1971 - 1978), Алматы театр-көркемсурет институтында (1978-1980) оқытушы, шығармашылық жұмыста болды. Тыныбеков тың туындылары - "Шопан" (1970). "Дала балладасы" (1974), "Тау мен дала аңызы" (1975), "Әлем" ("Өмір ағашы", 1976), "Тың парады", "Байқоңыр ырғақтары" (1977), "Медеу" (1978), "Теңіз симфониясы" (1980) гобелендері. Шет елдермен достық және мәдени байланысы қазақ қоғамының (1976 - 1980), ҚазақстанСуретшілер одағы Президиумының (1980) мүшесі. "Қазақстан" гобелені үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлық иегері.