Жақсыбаев Марат Қосыбайұлы (1948-2013 ж.ж.) – боксшы, спорт шежіресіне атын алтын әріптермен жазып қалдырған тау тұлға. Түркістан облысы Арыс қаласында дүниеге келді. Қазақ-химия технология институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірді. 1991 ж.-Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетін дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы-жаттықтырушы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын ШҚЗ 1967 ж. жұмысшы болып бастады. 1973 ж. бастап өмірінің соңына дейін спорт саласында жұмыс атқарған. КСРО құрама командасының мүшесі болды, КСРО спорт шебері, Бірнеше дүркін чемпионы., көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы. 2003 ж. спорт саласындағы еңбегі үшін мемлекеттік марапаттауға ұсынылып «Спорт қайраткері» деген атағы берілді. Шымкент, Арыс қалаларының Құрметті азаматы.
Н.Ким. Шымкенттегі облыстық кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінде он жасынан бастап тәлім алған Нелли Кимнің атағы алысқа тарады. Шымкентте тұрған кезінде ұлы спортшы, КСРО, Еуропа және дүниежүзінің бірнеше мәрте чемпионы, бес олимпиядалық алтын жеңіп алып, әлем спортының аңызына айналды.
Шымкент футболының тарихы тереңде жатыр. Кеңес одағы кезінде «Еңбек» (1960) командасы болып құрылып, кейіннен «Металлург» ( 1961 -80), «Мелиоратор» ( 1981- 92), «Жігер» (1992-2000 жылдары), ал, 2000 жылы «Достық» атауымен жергілікті жанкүйерлердің жүрегіне жол тапты. 2003 ж. «Ордабасы» ФК болып құрылды.
