Қазақ халқы аңшылыққа, саятшылыққа өте жоғары ден қойған. 1-нөмірде тұрған – дауылпаз деп аталады. Аңдарды үркіту үшін қолданылады. 3-нөмірде тұрған – қақпан. Бүркіттің томағасы және балдағы. Қазақ аңшылары өздерінің таным-тәжірибесінің арқасында аңшылық-саятшылық үшін жүйрік ат, қыран құс, құмай тазы сияқты жан-жануардың тілін таба баптап, қалауына көндіре алған. Осылардың ішінде қыран құстарды баптаудың ғасырлар бойы жинақталған мол тәжірибесі шын мәнісінде әрі өнер, әрі терең біліктілік. Бүркіт салу. Тарихи деректерге қарағанда, құсбегілік өнері бұдан үш мың жыл бұрын пайда болған. Орта ғасырлардағы итальян саяхатшысы Марко Полоныңжазбаларында Құбылай ханның саятшылық мақсатта қолға үйреткен 500 ақ-сұңқары және басқа да қыран құстары болғандығын және оларды баптап, күтуге, арнайы 10 мың құсбегі ұстағанын жазады. Орта ғасырларда Орталық Азия мен Қазақстан, Қырым, Еділ бойын билеген патшалар мен хандар да өз сарайларында арнайы құсбегілер ұстаған. Олар сарай қызметкерлерінің құрметтісі саналған. Сондықтан да хан сарайындағы құсбегілік қызметке тек ақсүйектер, бектер, әмірлер тағайындалған. Кейбір тарихи деректерде Шыңғысханның ұлы Жошының 3 мың бүркітші ұстағаны туралы жазылады. Томаға кигізу. Түз құсын қолға түсісімен томаға кигізбей үйретуге болмайды. Томаға кигізген соң да екі-үш күн ұйықтамай қарсылық көрсететін қиқарлығы болады. Ондайда ырғаққа (тербемелі әткеншек етіп байланған жұмыр ағаш) отырғызып тербетіп, ұйықтатпайды, яғни екі күн болсын, үш күн болсын құс қарсылығын қойғанша қажымай бірге болған абзал. Салбұрын. Қыс түскен соң қыран құсы бар аңшы жігіттер аңға шығады. Аңшы құсымен өзінің жүректілігін, ептілігін, құсының алғырлығын көрсету үшін сонарды асыға күтеді. Ұлы Абайдың « Қансонарда бүркітші шығады аңға», -деген өлеңінде:
«Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанда.
Жақсы атпен тату жолдас бір – ғанибет
Ынғайлы ықшам киім аңшы адам.»''
Ең қызығы қыстың мұндай күнінде түлкі, қасқыр өз індерінен шықпай отырады. Олардың бұл әдісін білетін аңшы айқайлап, шулап оларды інінен шығарады. Енді оны ұстау үшін құсын жібереді. Алынған аң тен бөліске түседі. Ақсақалдар сыбағасы өз алдына ауылға келген соң салтанатты түрде табыстайды. Бұл үрдістің тәрбиелік мәні зор. Өзара татулық, үлкенге құрмет.
