Алтынтөбе қорымы орта ғасырлық көне қалашықтардың орны болып табылады. Алтынтөбе - орта ғасырлық көне қала орны. Отырардың солтүстік-батысында 7 км жерде орналасқан. Қала орны солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан төртбұрышты төбе.
Жуантөбе-ортағасырлық қаланың орны. Қаланың орны 2 бөліктен және оны қоршай орналасқан рабаттан тұрады. Орталығының сыртқы көрінісі төртбұрышты келген. Қала орнының солтүстігі мен оңтүстігінде қақпаның орны сақталған. 1951 жылы ОҚ археологиялық экспедициясы жүргізді. 1996-1997 жылдары облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы жалғастырды.
Экспозициямыздағы жәдігерлер сол қорымдардан табылған: саптаяқтар, көзерлер, шелек тәріздес ыдыстар, 4-нөмірде тұрғандар торсықтар, қыштан жасалынған торсықтар, моншақтар, қоладан жасалынған айна, жебенің ұштары.
