Арыс өзенінің сол жағалауында орналасқан түрлі кезеңдерге жататын, Орта Азия бойынша ең үлкен қорымдардың бірі. Бөріжар - көне зират орны. Топырақтан үйілген обалар Арыс өзенінің сол жағасында орналасқан. Ол түрлі кезеңдерге жататын жүздеген обалардан тұрады. Бұл жердегі катакомбалық жерлеу орындары қаңлы дәуіріне тән. Мәйіттердің жанынан әр түрлі құмыралар, пышақтар, қанжарлар, жебенің ұштары, сырғалар, моншақтар табылады. Зираттың бұл тобы орта ғасырлар кезеңіне жатады. Сол Бөріжар қорымынан табылған катакомбалық жерлеу – бұл жерде 1 адамнан 8 адамға дейін жерленеді. Мысалы үшін, мәйіттерге 2 бөлме қазылады. Мына бүйіріндегі 2- бөлмесі, жоғарыда тұрған есігі, оны жасарын ұстайды. Тек сол әулеттің адамдары ғана біліп отыратын болған. Ол кезде бүкіл дүние мүлкімен жерлейтін болған ғой, тоналып кетпес үшін арнайы жасырын ұстайды. Сол әулеттен біреу қайтыс болатын болса, осы жерден кіріп, қасына жерлейтін болған. мына экспозициямыздағы жәдігерлер осы қорымдардан табылған. 1-нөмірде моншақтардың әрқайсысының астында үлкейтілген үлгілері көрсетілген. Бұлар қаншама ғасырлар өтсе де, бүлінбей, бояу сыры кетпей, сол қалпында сақталған. 2-нөмірде тұрған сүрметас графит деп аталады. Бұл қыз-келіншектерде косметиканың рөлін атқарған. Астындағы тасқа жоғарыдағы таяқшасымен арнайы шөптерді кептіріп, үгітіп қыз балалар қастарын, көздерін әрлейтін болған. сол кездің өзінде сұлулыққа мән берген. 3-нөмірде тұрған алмандин тасы орнатылған алқа. Жалпы алмандин деген тас біздің өңірімізде көп кездеспейді. Түркия елдерінде кездеседі екен. Соған қарағанда сауда-саттықтың алғашқы бастамаларында келген дүние болса керек. 4-нөмірде тұрған тастан жасалынған түймелер, 7-8-нөмірлерде тұрған мыстан жасалған білезік, сақина. 9-да тұрған қола белдіктің бір бөлшегі. Мына жақта 1-нөмірде тұрған сүйектен жасалған пышақ, қанжарлардың, семсерлердің бөлшектері, сүйектен жасалған түйреуіш, мыстан жасалынған түйреуіш, жебенің ұштары.
