Қазақ халқы зергерлік бұйымдарға өте жоғары мән берген. Қыз-келіншектерімізде, әжелеремізде міндетті түрде күмістен жасалынған бұйымдар болған. Сәукеле сырғалар, шекеліктер, өңір-жиектер, сырғалардың түрлері, айсырға, салпыншақты сырға.
Сәукеле – ұзатылған қыз киетін аса қымбат бағалы, кәделі әрі әсем бас киім. Сәукеле – тек бас киім емес, ол қазақ халқының байлығы мен сән-салтанатының, мәдениеті мен өнерінің озық үлгісі, өнер туындысы ретінде бағаланатын өте қымбат этнографиялық мүлік.
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Күші жүздің Байсақал атты байы Орта жүз Сапақ бай құда болыпты. Байсақал құдаларына қыздың сәукелесін жіберіп: «Басқа ештеңе сұрамаймын, тек осы бір сәукеленің бағасын өздері есептеп берсе болды», - депті. Сонда Кенесарының ағасы Саржан төре: «Бұл сәукеленің бағасы бес жүз байтал болады екен, сондықтан қызының қалың малы бес жүз жылқы болсын», - деп кескен екен. (Бұл дерек ғалым, этнограф, ақын Мәшһүр Жүсіп Көбейұлы еңбегінен алынып отыр. «Қазақ әдебиеті» газеті, 9 қаңтар 1996 ж.)
Білезіктердің түрлері, 13-нөмірде тұрған – құдағи жүзіктер, қапсырмалар, 14-16-нөмірлерде тұрған – гигиеналық жиынтық деп аталады. 14-нөмірде тұрған қыз-балаларға, 16-нөмерде тұрған ер-азаматтарға арналған жиынтық. Белбеулерде қыстырылып тұрады. Ұштарымен тырнақтарын, құлақтарын тазалаған. Кей деректерде тістерін де тазалғана деп көрсетеді. Күміс – адам денсаулығына өте пайдалы, микробөлтіргіштік қасиеті жоғары. Бұрынғы кездері, ас үйде жүретін жеңгелердің, апалардың бойында, қолында күмістен жасалған әшекей болмаса, ол үйдің асы таза емес деп те есептеген. 2-нөмірде тұрған – бойтұмар деп аталады. Бойжеткен қыздар, жас аналар мойындарына, омырауларына тағады. Ортасын бұраған кезде, іші ашылады. Оның ішіне құран кәрімнің аяттарынан үзінділер жазып, тұмар қылып сақтайтын болған. 3-нөмерде тұрған таналар деп аталады. Түйменің қызметін атқарады. Шекеліктер, шолпылар, шашбау. Шолпы-шашбаулардың салмақтары 3 келіге дейін жеткен. 3 келі артқа қарай таққан кезде, қыз еріксіз бойын түзейтін болған. 14-нөмірде тұрған – құсмұрын жүзік. Ұзатылып, тұрмысқа шығатын қыздардың жүзігі. 19-нөмерде тұрған – тоға деп аталады. Ер-азаматтарда белдіктің қызметін атқарады. Мұндай тоғалардың көлемі неғұрлым үлкен болғансайын сол ер-азаматтың беделін, дәулетін айқындайтын болқан.
Көрік – отқа жел беру үшін қолданылады. Зергерлік бұйымдарды жасайтын ұсталардың құралдары.
