Кеңес үкіметі орнағаннан кейін, халық арасында сауатсыздықты жою қолға алынды. Ең алдымен ересектер арасында «сауатсыздықты жою» жұмысы жүргізілді. Халық арасында сауатсыздықты жою үшін мемлекет тарапынан арнайы қаражат бөлінді. 1924 жылы «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. Оның мүшелері жер-жерлерді аралап, халықтың арасында сауатсыздықты жоюға үлес қосты (кітап таратты, әріп үйретті, саяси хабарлармен таныстырды). 1920 жылы Бүкілхалықтық бірінші съезде қалың малды жою, көп некелесуге тиым салу туралы заңы қабылданды. Қазақстан аумағында қазақтармен қатар өзбек, дүнген, ұйғыр ұлттары тұрды. Әр халықтың өз алдына дәстүрлері болды. Мысалы, өзбек әйелдеріна паранжасыз оқуға, жұмыс істеуге, көпшілік алдында сөйлеуге тиым салынатын. 1928 жылы 10 желтоқсанда паранжаны тастау туралы заң қабылданды.
Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту» ауылы. 1911—1914жж. ауылда мұғалім болып істейді. 1914жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918жылы аяқтап шығады.Мұнан соң алашордашылардыңістеріне араласып, Семейде«Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады .Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919). Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920). Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 жылы атылған.
Оңтүстік Қазақстан облыстық Ж. Шанин атындағы қазақ драма театры 1934 жылы ұйымдастырылды. Актерлер Ж.Арғынбаев, Р.Байкенов, А.Дәукенова, Е.Досымбетов, М.Жүсіпов, Т.Мәдіходжаев, Ә.Мырзалиев, И.Тәуірбалин, т.б. труппасының алғашқы ұйымдастыру жұмысынан бастап, оның шығарм. жағынан қалыптасу, өсу жолында елеулі еңбек сіңірді. Алғашқы жылдары театр репертуарынан Шаниннің «Арқалық батыр», Е.Ерданаевтың «Малқамбай», С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар», М.О. Әуезовтің «Еңлік – Кебек» атты драма шығармалары орын алды. 1935 – 36 ж. театр труппасы гастрольдік сапармен елді мекендерді (Арыс, Қызылорда, Мерке, Түркістан, Шәуілдір, т.б.) аралап, спектакльдер көрсетті. ІІ-дүниежүзілік соғыс жылдары Моссовет атындағы театрдың Шымкентке көшіп келуі театр өмірінде елеулі оқиға болды. Осы жылдары театр труппасы негізінен тарихи-қаһармандық және патриоттық тақырыптағы драмаларды қойды. Соғыстан кейінгі жылдары театр бейбіт еңбек пен адамдардың өмірі мен тұрмысын бейнелейтін пьесаларға ден қойды. Театрға 1972 жылы Ж.Т. Шаниннің есімі берілді. Театрда ұлттық драматургиядан Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин», Мүсіреповтің «Амангелді», Тәжібаевтың «Майра», Әуезовтің «Қаракөз», Б.Майлиннің «Шұға», Ш.Хұсайыновтың «Біздің Ғани», Қ.Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында», Т.Ахтановтың «Сәуле» және «Ант», С.Адамбековтің «Күн мен көлеңке» және «Аюбайдың ажалы», С.Жүнісовтің «Ажар мен ажал», О.Бөкеевтің «Қаражанның қанжары» секілді шығармалар қойылды. Бұл театр көптеген өнер саңлақтарын тәрбиелеп шығарды. Олар ҚР-ның халық әртістері Ж.Серікбаева, А.Абдуллина, еңбегі сіңген әртістер Ж.Тұрсынов, А.Шанин, Р.Бәйкенов, И.Болова, А.Тащенко, С.Өтемісов, А.Қалмұрзаев, О.Жұмабеков, З.Догмарова, режиссерлар А.Ордабаев, Ғ.Хайруллина, т.б.
