Қазақ халқының ыдыстарының басым бөлігі – ағаштан жасалған. Ағаш – көшіп-қонуға ыңғайлы, оңайлықпен сынбайды және де микробөлтіргіштік қасиеті бар. Ағаш астау, табақ, ожау. Қазақ халқы кезінде тайпа-тайпа болып өмір сүрген уақыттарда үлкен жиындарда осындай үлкен астаулармен астанған.
2-5-нөмірлерде тұрғандар – бұлар кесе қаптар, шыбықтан жасалған кесе қап, ағаштан жасалған кесе қап. Шыны кесе ыдыстар көшіп-қонған кезде сынып қалмас үшін арнайы осындай кесеқаптарды жасап, осының ішіне салып, тасымалдаған.
6-нөмірде тұрғандар – бұлар қабақ деп аталады. Асқабақтың бір түрі. Бау-бақшада өсетін. Асқабақтың іші желінсе, бұл қабақтың іші желінбейді, бұның ішін қырып, тазалап, күйдіріп алып тастап, ыдыс ретінде қолданған. Көбінесе сусын құятын болған. 7-нөмірде тұрған – теріден жасалған тұсқап.
