Түркістан облысы Кентау қаласы Қарнақ ауылы.
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану
музейінің филиалы «Шаммат-Ишан» музейі.
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музей филиалы «Шаммат-Ишан» музейі Түркістан облысы Кентау каласы Қарнақ ауылы, С.Абдуллаев көшесі №2-де орналасқан. «Шаммат-Ишан» мешіт-медресесінің құрылысы ХVІІІ ғасырдың соңында, яғни 1789 жылы жергілікті халықтың сауатын ашу мақсатында іргетасы қаланып 1896 жылы ғимарат құрылысы толығымен аяқталған. Ғимарат музей болып 2005 жылы ашылды.
Музейдің жалпы жер участкасы 0,1950 га (1950 ш.м.)
Ғимараттың жалпы алаңы 320м2 шаршы метр.
Музей қоры - 2613 сақтау бірлік жәдігерден тұрады,оның ішінде:
Негізгі қор саны - 1873 дана сақтау бірлікті, Ғылыми көмекші қор саны -740 дана сақтау бірлікті
Музей 29 бөлмеден тұрады: жәдігерлер тұратын бөлмелер.
- Үлкен ақсарай.
- Кіші ақсарай. Жерасты ғибадатханасы.
- Қарнақ тарихына арналған зал.
- Медресе оқулықтарымен қол жазба залы. 2- бөлме.
- Ауыл шаруашылық заттарына арналған зал. 3-бөлме.
- Нумизматикалық залы. 3-бөлме.
- Зергелік бұйымдар залы. 2- бөлме.
- Әскери қару жарақтар залы.
Музей меңгерушісі: Г.Сейдувалиева
