Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 771 660 72 03 — Пошан Несібелі Бауыржанқызы
Кіру
Тіркелу

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы

Түлкібас аудандық Т.Рысқұлов атындағы тарихи-өлкетану музейі

Музейдің атауы: Түркістан облысы мәдениет басқармасының «Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Т.Рысқұлов атындағы Түлкібас аудандық тарихи-өлкетану музейі» филиалы

Мекен-жайы: Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы Т.Рысқұлов көшесі 306 үй

Қызметтік/телефон:    8-725(38)-52-908

Электронды  адрес:    Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Фейсбук сілтемесі:      https://www.facebook.com/profile.php?id=100025230840991

Қызмет бағыты: Тарих пен өлкетануға негізделген музейлік қызмет. Тарихи-мәдени құндылығы бар жәрігерлерді жинақтау, сақтау, зерделеу, экспозициялық көрмелер, экскурсиялар, өлке тарихын насихаттау бағытында бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру.

Қысқаша тарихы

Т.Рысқұлов атындағы Түлкібас аудандық тарихи-өлкетану музейі қоғамдық негізде 1963 жылы құрылды. Алғашқы музей құрушылар – М.В.Симченко, Д.Салибеков, П.Н.Левченко, П.Н.Сарыбеков. 1976 жылы мемлекеттік мекеме мәртебесін алды.  1983 жылы облыстық тарихи өлкетану музейінің бөлімшесі болып қайта құрылды. 1994 жылы ірі мемлекет және қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың 100 жылдығына орай музейге есімі берілді.

Музей екі қабатты, жалпы көлемі 753,3 ш.м. ғимарат ауданы 495,8ш.м. Оның ішінде 447,4 ш.м. экспозиция залдары, қор қоймасы 47,2 ш.м.