Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 771 660 72 03 — Пошан Несібелі Бауыржанқызы
Кіру
Тіркелу

Өңіріміз өсімдіктер дүниесіне өте бай. Олардың ішінде дәрі-дәрмектік өсімдіктердің өлкемізде 50-ге жуық түрі өседі. Олар: дермене шөбі, өгейшөп, дәрілік жалбыз тікен, самарқан салаубасы, киікоты және т.б.

Дермене шөбіне кеңінен тоқталатын болсақ. Бұл өсімдіктің жапырағынан улы зат сантонин алынады. Ол ішек-құрт ауруларына таптырмас ем болып табылады. Осы Дермене шөбінің негізінде өлкемізде 1883 жылы дәрі-дәрмек шығаратын Сантонин зауыты құрылды. Бұл қазіргі «Химфарм» зауыты. Киік оты. Медицинада эфир майы, аскорбин қышқылы алынады. Балды шырын өсімдік болғандықтан мал жемейді. Жалбыз тікен. Көп жылдық өсімдік. Өкпе, гастрит, іш өту,кезінде, жараны тез бітіретін қасиеті бар дәрілік зат болып табылады. Мукалтин препараты алынады.

Қызыл кітапқа енген өсімдіктер. 1948 жылы ЮНЕСКО жанынан Халықаралық табиғатты қорғау одағы ұйымдастырылды. 1966 жылы Тұңғыш рет 2 том етіп Қызыл кітапты шығарды. Флорасы 5700 түрді құрады. Сондай-ақ, өңірімізден ерекше қорғауды қажет ететін, жойылу қаупі бар өсімдіктердің 300-ден аса түрі 1981 жылы Қызыл кітапқа енгізілді. Олар: Алатау бәйшешегі- бойы онша биік емес 10-30см. Кулинарияда қош иістендіргіш ретінде пайдаланылады. Қаңтардан мамырға дейін гүлдейді. Ерте гүлдеумен жоғары бағаланады.  Сары лапыз- жоғарғы тау белдеулері мен мұз маңында өседі,өте улы. Тіршілік ортасы шектеулі. Ақсу қорығында ғана өседі. Кауфман қызғалдағы- Өгем жотасы мен, Грейг қызғалдағы, Түркістан аршасы, Кекшіл шиқылдақ, Қоқан салпыс, Дөңгелек жапырақты алмұрт. Қызғалдақтардың ең көріктісі-Грейг қызғалдағына тоқталып өтсек, бұл қызғалдақтың Жер шарында 150 түрі бар. Оның 30 түрі Қазақстанда өседі десек, 5 түрі Ақсу Жабағылы қорығында өседі.