Бесік — нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Қазақ мәдениетінде тұрмыстық бұйым ғана емес, сонымен қатар, дені сау, саналы ұрпақ өсірудің маңызды мұрасы. Бесікті Орталық Азия мен Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Тек әр түрлі үлгіде жасалады. Бесік көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған. Қазақ бесікті қарағай, қайыңнан, көбіне талдан иіп жасайды. Мұндай бесік жеңіл, ықшам әрі берік, көшіп-қонуға ыңғайлы болады.
