- Музей фотосуреті
- Музей толық атауы: Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы Саттар Ерубаев атындағы әдеби-мәдени музейі.
- Музей басшылығы: Уркинбаева Айнұр
- Музейдің құрылған күні: 1989 жыл.
- Музей туралы ақпарат: Есімі қазақ әдебиетінің тарихында алтын әріптермен жазылып қалған ақын-жазушы, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының тұңғыш лауреаты Саттар Ерубаевтың құрметіне арналып, 1989 жылы ашылған музей - 1995 жылдан бастап, «Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің» (бұрынғы «Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің») филиалы болып жұмыс істеп келеді. Музей орналасқан ғимарат ХХ ғасырдың басында орыс-түзем мектебі ретінде салынған. Алдымен Абай атындағы қазақ мектебі, одан соң Ленин атындағы орта мектебі, 1988 жылы №1 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сыныптар бөлімі болды. Ал 1989 жылы «Саттар Ерубаевтың жергілікті ведомстволық мемориалдық музейі» болып ашылды. Заман ағымына қарай 1991-1995 жылдары «Әзірет Сұлтан мемлекеттік қорық-музейінің» қарамағында жұмыс істеді.
Ал 1995 жылы «С.Ерубаев атындағы әдеби-мәдени музейі» аталып, Облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы болып қайта құрылды.
Музейдің орналасқан аумағы-1573,8 шаршы метрді қамтиды. Экспозиция залы- 195 шаршы метр. Музейдің залы 4 бөлімнен тұрады. 1. «С.Ерубаев бөлімі»; 2. «Түркістаннан шыққан тұлғалар»; 3. «Этнография бөлімі»; 4. «Спорт бөлімі»;
- Байланыстар:
Мекен-жаймыз:Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов даңғылы №2 үй Саттар Ерубаев атындағы әдеби-мәдени музейі.Тел: 8(702)766-43-44;e-mail:

