Этнография залынан қазақ халқының салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін, күнделікті қолданыстағы заттарын көре аласыздар.
Мыңдаған жылдар бойы халықтың өмірі мен тұрмысына алтын арқау болған, салты мен санасына бағыт-бағдар етіп сақтаған әдеп ғұрып, салт-дәстүр, әдеп пен жоралғы қазақ мәдениеті мен тіршілігінен насихаттау музейдің басты мақсаттарының бірі. Сондықтанда экспозиялық зал қазақтардың дәстүрлі мәдениетіне, яғни тіршілік қамы жүйесіне, шаруашылық және тұрмыстық салтына, бейнелі түрде көрсетіліп отыр. Қазақстан жері ежелден үй жануарларының таралған аймақтарының бірі болып табылады. Мал шаруашылығына байланысты алынған мәліметтер сонау неолит дәуіріне жатады. Бұл мәліметтерді археологиялық ескерткіштерден көруге болады. Осы себептен біз этнография залын қазақтардың негізгі кәсібі мал-шаруашылығынан ақпарат беруден бастадық. Этнография залынан қазақ халқының салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін, күнделікті қолданыстағы заттарын көре аласыздар.
Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған. Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны – жылқы. Жылқы көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады. Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл. Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден – ақ белгілі. Қазақ халқының басым бөлігі көшпелі өмір салтын ұстанған. Сол көшпелі өмірде жылқы – таптырмас бір көлік болып табылады. Жылқының үстіне міну үшін бірнеше ер тоқымдардың түрлері бар: қазақ ер, орыс ер, құранды ер, ашама ер, қоқан ер. Алдарыңызда тұрған – құранды немесе құрама ер тоқым деп аталады. Бұл ер тоқымдардың ішіндегі жасалу жағынан ең күрделі тоқымдардың бірі. Жалпы, біздің оңтүстікте көптеп қолданылады. Сонымен қатар, жылқыны баптауға арналған қажетті дүниелер.
