«Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК-ның «Миртемир атындағы әдебиет музейі» филиалы анықтамасы


Ақын Миртемир Турсуновтың 80 жылдығына орай сол кездегі «КПСС ХХІІІ съезді» совхозының белсенділерінің бастамасымен Қаз ССР және Узб ССР Мәдениет Министрлерінің қолдауымен жасақталып, 1990 жылдың тамыз айында салтанатты ашылған.
Қазақ – өзбек достығының жаршысы, Өзбекістан халық ақыны МиртемирТурсунов 1910 жылы Туркістан ауданының Ескі Иқан ауылында дүниеге келген. Миртемир балалық жылдары ауылда өткен. Кейінінен Өзбекстанда өмір сүріп, жұмыс істеді. Бірақ, туған Отанын, елін, жерін ұмытпаған жоқ. Миртемир жалғыз Өзбекстан ғана емес, Қазақстанға да ортақ еді..
Миртемир – жас өмірін қазақ жерінің нанын жеуден ғана бастаған жоқ, қазақ елінің жырын, әнін білуден де бастаған. Өзбекстанда жас ақынның рухани байлығының бір саласы –қазақ әдебиеті. Өнімді де өрнекті жазған Миртемир қаншалықты жұмыстар тындырды! Ол өзбек халқының сүйікті ақындарының біріне айналған. Міртемір лирикасы бүкіл советтік поэзиядан көрнекті орын алды. Ақын нені айтса да егіле - төгіле айтады, үлкен құмарлықпен толқып айтады. Сондай жырларын бүгін көптеген халықтар сүйіп оқиды.
Өзбектің көрнекті ақыны Миртемир достықты, адалдықты, адамгершілік пен махаббатты жырлаған. Ақын шығармаларында халықтар достығы тақырыбы – өзекті арналардың бірі. Оның шығармаларында орыс, украин, қазақ, қырғыз, қарақалпақ, туркмен сияқты халықтардың өмірі мен тұрмыс тіршілігі, ұл - қыздарының ақ жарқын бейнесі, ой – сезімі, арман мұраты, халықтар арасындағы достық пен бірлік, туысқандық әлемі суреттеледі. Миртемир – қазақ халқының, қазақ әдебитінің жақын, жанашыр досы, шын сырласы. Ол қазақ өміріне тереңірек барып, оны өз творчествосында мол жырлауымен бірге, қазақ
әдебиетінің ірі майталмандарын өзбек оқырмандарына кең уағыздауда ерекше еңбек етіп келеді.
Өз аудармаларымен халықтар достығын нығайтуды қалаған ақын қазақ поэзиясынан үлгілерді үнемі өзбекшелеп келген. Қазақ жазушыларынан Абай, Жамбыл, Ә.Тажібаев, С.Мәуленов, С.Мұқанов және т.б. жазушылардың шығармаларын өзбек тіліне аударып, үгіттеушілердің бірі – Миртемир болған.
Өзбектің көрнекті ақыны Миртемирдің бұл кітабына достықты, адалдықты, адамгершілік пен махаббатты жырлаған лирикалық өлеңдер енді. Сондай – ақ автор көптеген өлеңдерінде Қазақстанның әсем табиғатын, көркем көрінісін, туған елінің қадір – қасиетін тебірене суреттейді.
Бауырлас қазақ халқының рухани байлығын, ерен ерлігін, елдігін ерекше сүйіспеншілікпен бейнелейді
«Бауырым қазақ», «Мұхтар аға қазасына», «Қарды сағыну», «Қарқара», «Кенші шырағы», «Алматының қысы», «Шалдар», «Қымыз ұсынған қызға», «Қымыз» тәрізді өлеңдерін айрықша атай аламыз. Бұларда туысқан халықтарға деген ыстық ілтипат, үлкен құрмет анық байқалады.
Бір неше Мемлекеттік марапаттары мен сыйлықтарының иегері Миртемир 1971 жылы Өзбекстан Халық ақыны атағына иеленді. 2001 жылы Өзбекстан Республикасының Президенті И.Каримовтың Жарлығымен Миртемир «Ерең Еңбегі үшін» орденімен марапатталды. 1978 жылы ұзақ науқастан кейін қайтыс болды.
Музей аумағы -1200,0 шаршы метр, экспозициялар орналасқан аумақ-132,0 шаршы метр. Музейде «Балалығы, жасөспірімдік жылдары, шығармасының басталуы», «Миртемир – саяси қуғын-сүргін құрбаны», «Шығармалары, аудармалары», «Кірпіктерім» экспозициялық бөлімдері бар. 1992жылы ашылды. Экспонаттар саны 2760.
Байланыстар:
Мекен - жайымыз: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылы, Д.Қонаев көш., 2
Телефон меңгеруші. +7 705 368 85 36
Facebook: Облыстық музейдің Миртемир филиалы
