Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 (7252) 77-55-79 — Әбдібек Аделина
Кіру
Тіркелу

Қазақ халқының музыкалық мәдениеті халықтың күнделікті тынысымен астасып жатқан, ғасырлар қойнауынан бүгінгі күнге жеткен тарихи жолдың нәтижесі. Музыкалық өнер өзінің бойына халықтың рухани күшін шоғырландырады, өнегесін, көзқарасын білдіреді. Қазақ халқының музыкалық аспаптарына бұл экспозицияда көрсетілген домбыра, қобыз, қылқобыз, шаңқобыз, сыбызғы сияқты муз. аспаптары жатады. Домбыра - қазақ халқының арасына кең тараған, қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап. Бұл домбыраны халық арасынан шыққан колөнер шеберлерінің көрнекті өкілдерінің бірі Ақкөзов домбырасының үлгісімен 1969 жылы Кривошеев жасаған. Домбыра шанағындағы ою-өрнекті Бейсенбаев түсірген. Қыл қобыз – екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап. Ішегі мен қияғы (ысқысы) аттың қылынан тартылған қылқобыз, ағаштан тұтас шабылып жасалған, ал жарғағы мал терісінен керілген. Қобыздың басына жапырақ және бір-біріне тұмсықтарын түйістіріп отырған қос кептер бейнесіне ұқсас салпыншақтар, ал іш қуысының төбесіне жез қоңырау ілініп, ортасына екі дана айна орнатылған. Қобыз қияғы ағаш бұтағынан жасалған. Сыбызғы - қазақтың Үрмелі, көне ұлттық аспабы. 4-5 ойықты сыбызғылар қурайдан, ағаштан, кейде жезден жасалады. Сыбызғы аспабының үні самал желдей майда, тембірлі жұмсак, ерекше әсерлі.