Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
8 747 154 35 95 — Әбдібек Аделина
Кіру
Тіркелу

Байырғы ортада «Ер қаруы - бесқаруға» өзіндік жұмсау тәсілімен ерекшеленетін ату қаруын (садақ, оқ), түйреу қаруын (найза, сүңгі), кесу қаруын (қылыш семсер, сапы), соғу қаруын (шоқпар, гүрзі), шабу қаруын (балта, айбалта, шақан) жатқызады. Қарулардың бұл бес тобы көшпенді қоғамда біздің заманымыздың I мыңжылдықта пайда болған. Дәстүрлі ортада XIX ғасырға дейін қолданылып келді.

Бесқарудың әрқайсысының жұмсалу тәсілдерінің ерекшеліктері негізінде найзагерлер, қылышкерлер, айбалташылар және садақшылар секілді жеке әскери қосындар құрылған және шайқас кезінде қолданылатын әскери тактикада маңызды рөл атқарған. Көшпелілердің соғысы алғашқы сәтте алыс қашықтықтан садақ атысудан басталып, кейін шығынға ұшыраған жау әскеріне сүңгімен соққы беріп, қоян-қолтық ұрыста қылыш, айбалта, шоқпар қолданған. Күштің тепе-теңдігі бұзылған жағдайда, қаша ұрыс салып, шауып келе жатып артқа садақ тарту арқылы жауды шығынға ұшыратып отырған.