Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
8 747 154 35 95 — Әбдібек Аделина
Кіру
Тіркелу

Жалпы, Отырар қаласы арқылы Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары жүріп отырған. Соның нәтижесінде Отырар қаласы дамып, өркендеп, керуен сарайлары, мәдениет орындары, қоры бай кітапханалары болған. Мынау қабырғада сүйеніп тұрған 13-ғасырға тиесілі Иран, Ирак, Қытай елдерінің сол кездегі айналымда жүрген күмістен жасалынған, ақшалары және де күмістен жасалған айсырғалар, белдіктердің бөлшектері, білезіктертің түрлері, құйылмалы, бұралмалы, өрілмелі білезіктердің түрлері. Сонымен қатар Отырардан табылған моншалардың орындары реставрация жүргізілген. Және де әшекейленген сырлы қыш ыдыстар, бояуының сыры осы уақытқа дейін сақталған. Өзінің әсемдігімен ерекшеленеді.  Құрылыста қолданылған кірпіш қаптауыштар, «ташлау» деп аталатын су құбырлары. Отырар қаласына Арыс өзені арқылы жер асты суы тартылған. Ішке таза су кіріп, кейін сыртқа шығатын лас сулар осындай құбырлар арқылы шығып отырған. Сол замандағы канализация деуге болады.