Ә.Бөкейханов- қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі әрі публицист ғалым, аудармашы. Ол 1866 жылы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезінде дүниеге келген.
Патша үкіметі билігі жылдарында қазақ елінің тәуелсіздік үшін күресін басқарды, сол үшін Павлодарда, Семейде бірнеше рет қамауда отырды. Кеңес үкіметін мойындамады. Қазақтың егеменді ел болуы үшін күресті.
А.Байтұрсынов – 1873 жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы.
Өзінің сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірге 1913 жылдан бастап ұлттық «Қазақ» газетін шығарып, оның жұмысына жетекшілік етті. Ресейде патша билігі құлағаннан кейін қазақ жерінде Алашорда үкіметін құру үшін бар күшін салды.
Әзімхан Ахметұлы Кенесарин (1878, Шымкент қ. – 29.10.1937) – Алаш қозғалысының қайраткері. Кенесарин Әзімхан 1897 жылы Шымкент қаласында мектеп бітірген. Білгенін өмірмен ұштастыра білетін текті атаның бал асы аз оқыса да оқығанын көңіліне тоқып, көкейіне көп нәрсе түйе біледі. Сондықтан қоғамдық жұмыстарға араласқанда оның білгені түгел кәдеге асады.
1905 жылы Әулиеата қазақтары атынан Ресей империясы Министрлер кеңесінің төрағасы граф С.Ю. Витте атына петиция жазуға қатысты.
Оның ұйымдастыруынмен 1917 жылғы 12 қарашада Әулиеата уезі қазақтарының съезі өтті. Съезде қазақ халқының тәуелсіздігі жолында Алаш туы астына жиналып, ұлттың болашағы үшін саяси күрес жүргізудің жолдары қарастырылды. Қазақ қоғамының көптеген көкейкесті мәселелері ортаға түсті. 1917 жылғы желтоқсанның 5-13 күндері аралығында өткен екінші жалпықазақ съезіне Сырдария облысы қазақтары атынан қатысып, онда съез төрағасының орынбасары болды.
М.Шоқай Түркістан халықтарының бірлігі мен тәуелсіздігі идеясын ту етіп ұстанған аса көрнекті саяси қайраткер, публицист, аудармашы, жазушы, ХХғ. бас қазақ интелегенциясының ең жарқын өкілі. Мұстафа бұрынғы күнтізбе бойынша 1890 жылы 25 желтоқсанда ал жаңаша есеппен 1891 жылдың 7 қаңтарында қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе маңындағы Наршоқы қыстауында дүниеге келген. Қыпшақ руынан. 1902 жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына қабылданады.1910 жылы гимназияны үздік бітіріп, Петербор университетінің заң факультетіне түседі. 1914 ж. Ә.Бөкейханов ұсынысымен IV Мемлекеттік думаның Мұсылман фракциясы хатшысы қызметіне тағайындалды. 1916 жылы Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысты патша үкіметінің аяусыз басып-жаншуына байланысты құрылған комиссия құрамына тілмаш болып кіреді. 1917 жылы Түркістан автономиясы құрылып, сыртқы істер министрі болып тағайындалады. Шілде айында бірінші жалпы қазақ құрылтайына қатысып, «Алаш» партиясын құру туралы шешімге дауыс береді. 1917 ж маусым айында Ташкент қаласында «Бірлік туы» газетін шығарады. Саяси қызметі осы 1917 ж басталды. Ол Мәскеуге құрылтай мәжілісіне Түркістаннан жіберілген болатын. 1917 ж желтоқсанда М.Шоқай Орынборда өткен ІІ-ші жалпы қазақ съезіне қатысып, съезд сайлаған Алашорда өкіметінің құрамына енеді. 1941 ж тамызда мұсылман және түркі тектес тұтқындармен айналысатын комиссия төрағасы болып тағайындалды.
Ж.Досмұхамедов (1886-1937)- Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері. Алашорда үкіметінің мүшесі. 1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне басқа да қазақ делегаттарымен бірге қатысады. Сол жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Жалпықазақтық съезде Орал облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады.
Олар сол кезден-ақ Кеңес Одағының құрамында Қазақстан жеке мемлекет болып дами алмайтындығын түсінді. Алаш партиясы Қазақстанның жеке мемлекет болуын, өз тілін, әдет-салтын сақтап өркениетке жетуін аңсады. 1917 жылы Орынборда Алашорда үкіметі жарияланды. Баспасөз орталығы Қазақ газеті болды. Бірақ құрылған күннен бастап Кеңес Үкіметі тарапынан қудалауға ұшырайды. 1918-20 жылдардағы Азамат соғысынан кейін жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алашорда үкіметін таратып, оның басшыларын қуғынға ұшыраты.
