Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 (7252) 77-55-79 — Әбдібек Аделина
Кіру
Тіркелу

Ұлттық ойындар – қазақ халқының ұлттық ойын-сауықтардың түрі сан ауан, бұл ойындар түрлі мекеме-мейрамдарға жұрт жиналып, бас қосқанда күрес, аударыспақ, асық ойнау сияқты ойын түрлері болған. Қазақтың ұлттық ойындары: «Көкпар, Күрес, Теңге алу, Қыз қуу, Асық ату, Жамбы ату» және т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға ие болды. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Әр халықтың өзіне тән ұлттық салт-дәстүрлері мен ұлттық мәдениеті болады. Қазақ халқының да ертеден қалыптасқан өзіндік салт-дәстүрі және әдет-ғұрыптары бар.Халық арасында сәбидің жаңа туған кезінен бастап атап өтетін түрлі мерекелер қалыптасқан. Шілдехана- бала туылғаннан кейін өткізілетін той. Бесік той -қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдеріне тапсырылады. Бесікті отпен аластайды. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады. Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы зор. Бұлардан басқа  Тұсаукесер, сүндет той, үйлену той және т.б.түрлері бар. Наурыз- өте көнеден келе жатқан мейрам. Қазақстан КСРО құрамында болған кезде наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң ғана бұл мерекені тойлауға қол жеткізді.  Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз сөзі иран тілінен аударғанда « жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Наурыз күні жұрт бар жақсыларын киіп, үлкен қуанышпен қарсы алған. Бір-біріне өкпелі адамдар барлық реніштерін ұмытып, құшақтасып, төс қағысып, көрісетін болған. Бір-біріне жақсы, игі тілектер айтып, ақ ниетпен бата беріскен. Тіпті, осы наурыз күні Орта Азия билеушілері зындандағы тұтқындарына да бостандық берген деседі. Наурыз күні жеті түрлі тағам қосылған наурыз көже дайындалады. Әр үйдің дастарқаны бұл күні наурызкөжемен бірге ұлттық тағамдарға толады. Ұлыс тойының тойлану барысында түрлі ұлттық ойындар ойналады. Көкпар-өте ертеден келе жатқан ойын. Көкпарды тарту тәртібі көкпаршылар алаңды айналып тұрады. Қолында көкпары бар төреші оны алаң ортасына тастап, «баста» деп әмір береді. Лап қойған жігіттер лақты бас салады. Белгіленген межеге көкпарды кім бұрын әкелсе сол жігіт жеңімпаз атанып, тиісті сыйлығын алады. Аударыспақ. Топ-топ болып жиналған жігіттер аламаннан суырлып шығып, бір-бірін аттан аударып тастауға тырысады. Кімде кім қарсыласын ерден жұлып алса, халайық қошеметтеп, жеңілгенін қыран –топан күлкімен шығарып салады. Күрес  - жігіттердің өзара белдесуі. Қыз қуу-көнеден келе жатқан ойын. Бұл ойынның өзекті мәні- табиғатынан ұяң қыз балаға өзіне ұнаған жігітіне жүрек сырын сездіруіне мүмкіндік туғызу.Астына сәйгүлік мінген бойжеткен ортаға шығады. Топ болып тұрған жігіттерге келіп өзі ұнатқан жігітті  қамшымен түртеді де шаба жөнеледі. Қыз түрткен жігіт атын тебініп алға шығады да, қыз соңынан қуа жөнеледі. Ойын шарты бойынша қуып жеткен жігіттің қолы қыздың кеудесіне тиюі керек. Сол уақытта ғана қыз жігіттің құшақтап сүюіне ерік береді. Егер жігіт қуып жете алмаса, онда қыз қолындағы қамшымен жігітті бас демей, көз демей төпеп, орнына қуып әкеледі. Халқымыздың дәстүрі бойынша ойынға түскен екі жастың үйленуіне болады.