Біздің өңіріміз Өзбекстан Республикасымен шектеседі.Қазақ пен өзбек – түптамырын түркіден тарататын енші бөліспеген егіз ел. Ежелден келе жатқан достық бүгінгі таңда тіпті жаңа кезеңге көтерілген. Өлкемізде өзбек халқы көптеп шоғырланған. Бұл бөлімде өзбек халқының әшекей бұйымдары, музыкалық аспаптары, қолөнер бұйымдары қойылған. 6-нөмірде тұрған – «тілләқош» деп аталады. Қастың үстінде киіледі.
