Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
8 747 154 35 95 — Әбдібек Аделина
Кіру
Тіркелу

1926-1931 жылдары салынған КСРО-ның ірі құрылыстарың бірі, Орталық Азия мен Сібірді қосатын темір жолы. 1941  жылы жолдың пайдаланымдық ұзындығы 2088,4 шақырымды құрады. Жамбыл – Қаратау, Көксу – Текелі жаңа желілері салынды. Бекеттік жолдардың толық ұзындығы 557 шақырымға тең болды. Соғыс жылдарында Қазақстан майданның қуатты арсеналына айналды. Соғыс еліміздің бүкіл теміржолдарының, соның ішінде Түркістан – Сібір  магистралінің алдына әскери жүктердің үздіксіз тасымалдарын, майданға әскери эшелондарды, әскери техниканы, ал қорғаныс өнеркәсібі үшін көмір, металл және басқа да маңызды жүктерді уақытында жеткізуді ұйымдастыру бойынша жауапты міндет қойды.  Түрксіб – 1927 – 1930 ж. Қазақстанда салынған темір жол торабы. 1926 ж. 26 қарашада БК(б)П ОК осы т. ж. торабын салу жөнінде шешім қабылдады. Ол Орта Азияны, Қазақстанды және Сібірді өзара байланыстырып, халық шаруашылығының дамуына үлкен әсер ететін құрылыс ретінде салынды. Түркістан - Сібір Темір Жолы торабын Луговая бекеті. мен Семей қ. аралығындағы 1470 км-ге тарту жоспарланды. Құрылыс жұмыстары екі жақтан солтүстігінде (Семей) 1927 ж. көктемде, ал оңтүстігінде сол жылдың күзінде басталды. Құрылыстың қарқынды және сапалы жүруіне РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан құрылған, Т.Рысқұлов жетекшілік еткен Түрксіб құрылысына жәрдемдесу комитеті көп еңбек сіңірді. Түркістан - Сібір Темір Жолы торабының салынуына М.Тынышбаев өзінің біліктілігімен елеулі үлес қосты. Түркістан - Сібір Темір Жолы Қазақстанда кәсіби теміржолшылар мектебін қалыптастыруға елеулі ықпал етті. Түркістан - Сібір Темір Жолы жоспарлы мерзімнен бір жыл бұрын, 3 жыл 9 айдың ішінде аяқталды да, 1931 ж. 1 қаңтардан бастап тұрақты пайдалануға берілді.

    Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов (10.9.1894 – 10.2.1938) – мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист. Түркістандағы 4 сыныптық орыс түзем бастауыш мектебін (1910), 3 сыныптық қалалық мектепті (1913), Ташкент мұғалімдер семинариясын тәмамдаған. Мәскеуде БК(б)П ОК Марксизм-ленинизм курсын (1927) бітірген. Саяси қызметін Ташкент қаласында семинария оқушыларынан құралған “Кеңес” атты астыртын жастар ұйымын құрудан бастаған. 1917 жылы көктемде Ташкентте Мұстафа Шоқай, Қ.Қожықов, Қ.Болғанбаев, С.Ақаевпен бірге “Бірлік туы” газетін шығарды. Өлкеде кеңестік билік тұсында орын алған ашаршылыққа қарсы күресте белсенділік танытты. Аштықпен күресетін орт. комиссияның мүшесі ретінде 1918 жылы қарашадан бастап Түркістан, Созақ, Жаңақорған, Қызылқұм, Шиелі  өңірлерінде ашыққан адамдарды тамақтандыратын арнайы орындар ашуды ұйымдастырды. 1919 – 20 жылы Сырдария уезі төрағасының орынбасары, Түркістан уездік-қалалық атқару комитетінің, Сырдария облыстық революциялық кенттің төрағасы болды. 1920 жылдың соңына қарай Түркістан республикасының Ішкі істер халық комиссары, 1921 жылы қазанда Халық ағарту халық комиссары болып тағайындалды. РК(б)П ОК ұлт қызметкерлерімен өткізген Төртінші кеңесінде (1923), РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың басқаруымен өткен жеке кеңесте (1926) сөйлеген сөздерінде, сондай-ақ И.В. Сталинге1927 жылы жазған екі хатында Қожановтың саяси көзқарастары мейлінше айқын тұжырымдалған. Ол 1937 жылы 16 шілдеде Ташкентте тұтқындалып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. 1957 жылы ақталды. Алматы, Шымкент қалаларындағы көшелерге Қожанов есімі берілген. Түркістанда ескерткіш қойылған. 

     Ораз Жандосов (1889-1937 ж.ж.)- мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанда Кеңес Үкіметін орнатуға белсене қатысушы. Ораз Жандосов Алматы облысының Қаскелең ауданында туған. Верныйдағы ерлер гимназиясын бітірген бойда революциялық жұмысқа кірісіп кетеді. 1919 жылдары О. Жандосов Түркістан КП мұсылман коммунистерінің облыстық бюросын басқарды.Ана тілінде ешқандай әдебиеттер жоқтығына қарамастан, қазақ балаларын оқыту үшін, Жетісу жерінде алғашқы ауыл мектептерін ашты. Жандосов Верныйда, Қапал, Жаркент, Лепсі уездерінде бүлікшілерді талқандауға белсене қатысты. 1924-1928 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелік комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, 1928-1937 жылдары КАКСР ағарту халкомы, Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы, Қазақ ауылшаруашылығы институтының директоры, БК(б)П Кеген аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1937 жылы жазықсыз қызметінен босатылды.

    Санжар Асфендияров (1889-1938 ж.ж.) - мемлекет және қоғам қайраткері, көрнкті ғалым, тарихшы,профессор, педагог. Ташкенттегі реалдық училищені (1907), Санкт-Петербургтағы әскери-дәрігерлік академияны 1912 жылы бітіріп шығады. Санжар онда әскери министрліктін теңіз ведомствосының стипендиясына оқып, 4 жыл қатардағы әскерде қызмет етуге міндеттелінді.1917 жылы Бұхаралық мұсылман қозғалысына белсене араласты. Сол жығы қараша айында Түркістан автономиясын  жариялаған  Мұсылман  депутаттарының төтенше съезіне қатысты. 1918-19 жылы Аспандияров аштықпен күрес жөніндегі төтенше комиссиясының Сырдария облысы бөлімшесін басқарды. 1919 жылы Асфендияров — денсаулық сақтау халық комиссары, 1920 жылы Түркістан АКСР көгеріс су шаруашылығының халық комиссары болып тағайындалады. Сол жылы қыркүйекте Т.Рысқұловтың шақыруымен Ташкентке келіп, Түркістан АКСР-інің Денсаулық сақтау халкомы, жер халкомы, Денсаулық сақтау халкомы, Түркістан Компартиясы ОК-нің хатшысы қызметтерін атқарды. 1928 жылдан бастап ол Қазақстанда еңбек етті. Асфендияровтың қызметі әрқашанда Қазақстандағы және Орта Азиядағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістермен байланысты болды. Басқарушы қызметкер бола жүріп, ол тұрмыс ерекшеліктерін, Шығыс халықтарының тарихы мен мәдениеті мөселесі жөнінде жақсы білетін еді. Осы қабілет-біліміне сай 1921 жылдан 1922 жылға дейін Асфендиярұлы Түркістан республикасының Мәскеудегі өкілі, сонымен қатар РКФСР Кеңхалкомы ұлттық мәселе жөніндегі коллегиясының мүшесі болды.1922 ж. Кеңестердің Бүкілресейлік X съезінің делегаты Асфендияров КСРО құру жөніндегі шешімді қолдады. 1923 жылы Асфендиярұлы Ташкентке қайта оралады, онда ол Халкомденсаулық пен Халкомжердегі қызметтерімен қатар, Түркістан Компартиясы ОК хатшысы болады. 1924 жылы — РКП(б) Ортаазиялық бюросы құрамына сайланады. 1925 жылы хатшының орынбасары және БОАК Президиумының мүшесі. Асфендияров

Қазақстан тарихының күрделі мәселелерін зерттеген белгілі ғалым болды. Асфендияровтың Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы жөнінде ашық

айтылған,орташылдықты әшкерелеген тарихи шығармаларын оқуға тыйым салынды. Асфендияров – жалған жаламен ату жазасына кесілді.

      Мұхамеджан Тынышпаев  (1879-1937 ж.ж.) - Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері. Мұхамеджан император I Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтына қабылданады. Бұл институтты 1906 жылы бітірген. М.Тынышбаев 1906 жылы елге келіп, біраз уақыт Жетісу теміржолын жобалау ісіне қатысады. I Мемлекеттік Думаның қуғындалғанынан хабардар ол ел құқына қажетті табанды қоғамдық-саяси жұмысымен көрінеді. Нәтижесінде 1907 жылы 28 жасында II Мемлекеттік Думаға Жетісу облысы атынан депутат болып сайланады. Сөйтіп, енді ол биік саясатқа көтеріледі.  Дума таратылған соң М.Тынышбаев қайта кәсіби қызметіне кіріседі. Енді ол Түркістан генерал-губернаторлығы қарамағындағы аймақтың теміржол құрылысына инженер ретінде атсалысады. 1907- 1914 жылдар аралығында Әмудәрия үстіне салынған көпір құрылысына, Ұрсат (Урсатьевск) - Әндіжан теміржол құрылысына жетекші маман, бас инженер есебінде қатысады. Теміржол саласына байланысты еңбегін ғана парықтағанның өзінде М.Тынышбаев - Кіндік Азия көлемінде еленуге лайықты инженер-теміржолшы. 1914 жылы қайраткер Жетісу темір жол құрылысына қайта ауысады. 1932 жылы сәуір айында тұтқындалып,  Мәскеу- Донбасс теміржол құрылысына жұмысқа жіберілді. Бұдан қайтып елге келгенде, 1937 жылы қарашада қайта тұтқындалып, ату жазасына кесілді.

   Түркістан автономиясы 1917 жылы қараша айының соңында Қоқан қаласында жарияланғанда, қайраткер осы автономия үкіметінің төрағасы (премьер-министр) болып сайланды. Алаш партиясықұрылатын бірінші жалпықазақ съезіне де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ съезіне де Жетісу облысы атынан қатынасты. Соңғысында ол  Алаш Орда құрамына кірді. Ал, 1925-1932 жылдар аралығында Қазақстан кеңестік автономиясында жаңа астананы (Қызылорда) жасақтау ісінің бас инженері. Түркістан-Сібір құрылысының жетекші маманы қызметін атқарды.