Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 771 660 72 03 — Пошан Несібелі Бауыржанқызы
Кіру
Тіркелу

1.Музей атауы: Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің

               Сарыағаш аудандық тарихи-өлкетану музейі филиалы

2.Ашылған жылы:  2006 шілде де ашылған, 2007 мамырдан филиал.

3.Музей тарихы: Сарыағаш ауданының көне дәуірден келе жатқан тарихи – мәдени ескерткіштерге бай өлке, табиғатында республикалық маңызы бар шипалы сулы шипажайы орнымен ерекшеленеді.  Оңтүстің қақпасы Жібек жолы бойындағы тарихы баяндалады. Сарыағаш ауданында  2004-2006 жылғы ҚР «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2006 жылғы 28 шілдегі № 281 қаулысымен «Сарыағаш  аудандық тарихи-өлкетану мұражайы» мкқк құрылып,  24 мамыр 2007 жылғы №188 санды қаулысымен МКҚК «Түркістан облыстық тарихи өлкетану музейінің филиалы Сарыағаш ауданының тарихи-өлкетану музейі»  осы жылға дейін  музей қорына аудан аумағындағы елді мекендердегі  тұрғындардан жинақталған  жәдігерлермен толықтырылып, жыл сайынғы жоспарлы игі шараларды атқарып келеді.  

4.Музейдің жалпы ауданы: Кәсіпкерлік орталық ғимаратында  уақытша. Жалпы ауданы – 350 м.ш. Экспозиция залдары – 230,0 ш.м, – 120,0 ш.м;

5.Қордағы экспонаттар саны:

Музей қорында 3616-ден астам жәдігер сақтауға алынған. 1510-жәдігер негізгі қорда, 2106-жәдігер ғылыми-көмекші қорда.

  1. Музейдің экспозиция залдарындағы атауы мен қысқаша анықтамасы:

Музей өлкетану бағытында Сарыағаш ауданының тарихын  зерделей келе музейдің экспозицияларымен  көрмелері өлкеміздің тарихымен мәдениетін, рухани құндылықтарын 2 - залмен таныстырылады,  жылма-жыл  3-5 мың көрерменге мәдени-рухани қызмет көрсетеді.

  1. 1. Сарыағаш ауданының құрылу, аталу тарихы. Сарыағаш өңірінің табиғаты, өсімдіктері, өндірістік орындары мен экономикасы. Құрметті азаматтарының өмірдеректері қойылған.

- Археология - тарих бұрышында ауданның киелі жерлері мен мәдени ескерткіштер археологиялық жәдігерлер көрсетілген.    

  1. Этнография залында: ауданымыздағы қала, ауыл тұрғындарының ХҮІ-ХХ ғасырларда ұстанған –тұтынған көненің көзі қайталанбас шеберлердің құнды жәдігерлері және этномәдени орталығы қоғамдық бірлестіктері бұрышы экспозициясы қойылған. Ұлттық және этномәдени бірлестіктер мәдени мұраны сақтауға және дамытуға 2020-2024 жылдары Сарыағаш ауданындағы 8 этномәдени орталықтары музеймен тығыз байланыста «Достықтың туы берік» атты жәдігерлер жинақтау байланысы жасалды.
  2. Қазіргі кездегі музейдің әлеуеті:

Бүгінде музейде «Тарих пен тағлым», «Музей мәдениет мәйегі, тарихи сана тірегі», «Ұлы дала мұралары мен өркениеттері», «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»  экспозициялық көрме залдары, ғасырлық тарихы бар, қолда жоқ жәдігерлерден сыр шертеді. Сарыағаш ауданының өңірінде өмір сүрген халқымыздың тұрмыс тірішілігін айғақтайтын, пайдаланылған құрал жабдықтары, қолөнері мен зергерлік өнер шеберлері, құрметті азаматтары да қамтылған. Тәуелсіздік бұрышы мемлекеттің егемендігін алғаннан бастап, ауданымыздың саясат, экономика, ауыл шаруашылық, өндіріс, мәдениет, спорт салаларында жеткен жетістіктері кеңінен көрсетілген.  Музейде «Жәдігер», «Музей қонағы» бағытында жұмыстар жүргізіліп,  БАҚ-қа және ф/б интернет желісіне жарияланады. Қызметтік талаптарына сәйкес көшпелі және музейішілік көрмелер, экскурсиялар, Сарыағаш өлкесі тарихын, айтулы азаматтарын насихаттау мақсатында мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырып отырады. - Музейге келетін қонақтар және оқушылар мен студент жастар үшін экскурсиялар, дәрістер мен көрмелер ұйымдастырылады.

  1. Билет құны:

Музей  2008  жылдың  19 мамырдан бастап ақылы қызмет жасайды.  2025жылы:  Шет елдіктер - 1000.

Үлкендер - 300.

Студент - 200.

Оқушы - 100.

1-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерге, Ұлы Отан соғысының, ауған соғысы,  Таулы Қарабах ардагерлеріне және ІІ топ мүгедектеріне, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, «Алтын алқа» иегерлеріне музейге кіру тегін (куәландыратын құжат болған жағдайда). ІІІ топ мүгедектері мен зейнетерлер үшін билет құны 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған.

Мекен-жайы: Түркістан облысы. Сарыағаш қаласы. С.Исмайлов көш. 29 А

Қызметтік/телефон:   - 8(701) 465-97-71

Электронды  адрес: - Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Фейсбук сілтемесі: - https://www.facebook.com/share/p/14GAmc6avtq/

Инстаграм сілтемесі:  - https://www.facebook.com/share/p/14GAmc6avtq/

Веб-сайт сілтемесі: - https://www.facebook.com/share/p/14GAmc6avtq/