Темір ғасыры адамзаттың ежелгі өмірін қазіргі дәуірмен жалғастырған өтпелі шақ. Адамдар темірді қорытып, пайдалану арқылы өркениеттің техника заманына жол ашты. Бұл кезеңде малшылық пен егіншілік дамып, көші-қон қалыптасты. Темір дәуіріне жататын жәдігерлер. Б.з.б. VIII-III ғ. аралығын қамтиды. Мұнда тұрған төмпешіктер сол темір дәуірінде өмір сүрген Сақ тайпаларының ақсүйектерінің обалары. Олар кейін Жоңғар шапқыншылығы кезеңдерінде Қарауылтөбелерге айналған. 5-нөмірде тұрған – зерттеушілеріміз арнайы қалдырып қойған бір тостақ астың қалдығы. Адам қайтыс болғаннан кейін о дүниеде қазіргідей өмір бар деген ұғыммен бір тостақ асымен қоса жерлеген. Қоладан жасалған білезік, айна және де ыдыстар.
