Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 771 660 72 03 — Пошан Несібелі Бауыржанқызы
Кіру
Тіркелу

Құрметті музейге келушілер, бір ғасырдан астам тарихы бар киелі мекен Түркістан облыстық тарихи өлкетану музейіне қош келіпсіздер! Музейіміздің негізі 1920 жылы қаланған болатын. Сіздер көріп отырған музейіміздің жаңа ғимараты талапқа сай етіп қайта жабдықталып, 2014 жылы көпшілік көрерменге есігін қайта айқара ашқан болатын. Дизайн авторы елімізге белгілі этнодизайнер Аманжол Найманбай. Қазіргі кезде музейіміз, алыс-жақыннан келіп жатқан қонақтар мен жергілікті халықтың игіліне айналып отыр.

Археология залы:
Облысымыздың тарихына келер болсақ, Ұлы Жібек жолының бойында кең байтақ Қазақстанның күңгейінде жатқан Түркістан облысының тарихы мен мәдениеті ежелден дәстүрге бай,  тамыры терең.

Алдарыңызда Түркістан облысының ландшафтік картасы. Өлкеміз Тұран ойпатының шығысы мен Тянь-Шань тауының батыс сілемдері арасында орналасқан. Солтүстігінде Қарағанды, батысында Қызылорда, шығысында Жамбыл облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан республикасымен шектеседі. Қақ ортасын Қаратау қыраттары бөліп жатыр. Облысымыздың оңтүстік-шығысын Талас Алатауының батыс атырабы мен бірегей екі тау жотасы  Қаржантау және теңіз деңгейінен 4238 метр биіктіктегі Сайрам шыңы орналасқан Өгем тауы алып жатыр. Сырдария өзеніндегі жасанды -Шардара, Бөген өзеніндегі - Бөген, Бадам өзеніндегі - Бадам, Арыс өзеніндегі - Қайыңды су қоймалары өңірдің әсем табиғатын одан әрі сұлуландыра түседі. Қазақстанда ең алғаш ашылған қорық Ақсу жабағылы қорығы орналасқан. Түркістан облысы, Түлкібас ауданы мен Жамбыл облысы аймағының аралығында орналасқан. 1926 жылы 14 шілдеде ЮНЕСКО ұйымының қорғауында.