Ежелгі Созақ қаласы Қазақ хандығының алғашқы астанасы болған(1465-1469 ж.ж.) Қала Жәнібек пен Керей – Қазақ хандығының негізін қалаған хандардың ордасы болып табылған.
Түркістан қалашығы. Түркістан – көне заманда Шауғар деп атанған. Ұлы Жібек жолының бойында, Қаратау мен Сырдария өзендерінің ортасында орналасқан ежелгі қала. Сол заманда шаһарға тырнадай тізілген қоңыраулы керуендер Батыстан да, Шығыстан да ағылып келіп жататын болған.
Сауран қалашығы. Сауран – ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. Түркістанның солтүстік-батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан орта ғасырдағы қалалардың бірі.Биіктігі 6 м қабырғамен қоршалған қалашықтың өлшемі солт-шығыстан оңт-батысқа қарай 800 м. солт.-батыстын оңт-шығысқа қарай 500 м мәдени қабатының биіктігі 2 м. Сауран туралы алғашқы деректер 10-ғасырдағы еңбектерде кездеседі.
Ханқорған қалашығы. Сайрам ауданындағы Ханқорған қалашығы 8-18 ғасыр аралығын қамтыйды. Қалашық Мәдени деген ауылда орналасқан. Арыс өзенінің жағасында. Қоңыр тірлік кешіп отырған шағын елдімекен. Осында тарихи мәні маңызды көне Ханқорған қалашығы алыстан менмұндалайды. Ханқорған – қазақ халқының біртұтастығын сақтау жолында бар өмірін сарп еткен Абылай ханның Оңтүстік өңірдегі ордасы болған.
