Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+77252775579
Кіру
Тіркелу

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі - еліміздегі ең көне және ауқымды музейлердің бірі. 1920 жылы құрылған. Музей қорында тарихи, этнографикалық, археологиялық жәдігерлер сақталған. Түркістан - түркі әлемінің рухани орталығы, сондықтан музейдің басты миссиясы – осы өлкенің терең тарихын, киелі орындарын, тұлғаларын келер ұрпаққа насихаттап, жеткізу. Егемен еліміздің жетістіктерін, ұлттық мәдениетіміз бен құндылықтарымызды насихаттауда ұрпақ тәрбиесінде маңызды орынға ие облыстық музей бүгінде өлкемізге алыс-жақыннан келіп-кетіп жататын қонақтар мен жергілікті қауымның игілігіне айналып отыр. Республикамыздағы алғашқы құрылған музейлердің бірі саналатын облыстық музейдің бүгінгі таңда 107 мыңнан астам жәдігерлерден тұратын қоры бар.

            Қазіргі таңда Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің жеті филиалы халыққа қызмет етеді. Олар:

  1. Саттар Ерубаев атындағы әдеби-мәдени музейі (Түркістан қаласы).
  2. Тұрар Рысқұлов атындағы тарихи-өлкетану музейі (Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы).
  3. «Ардақты ана» музейі (Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы).
  4. «Міртемір әдеби-мемориалдық» музейі (Түркістан облысы, Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылы).
  5. «Шаммат Ишан» музейі (Түркістан облысы, Сауран ауданы, Қарнақ ауылы. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.).
  6. Сарыағаш аудандық тарихи-өлкетану музейі (Түркістан облысы, Сарыағаш қаласы).
  7. Шардара ауданданындағы тарихи-өлкетану музейі (Түркістан облысы, Шардара қаласы).

 

2022 – 2024 жылдар аралығындағы көрсеткіштер

Музей қорында жалпы саны 107 080 музейлік зат жинақталған.

Жинақталған музейлік зат - 6502.

Музейге келушілер саны - 373 607.

Көрмелер саны - 521.

Халықаралық деңгейдегі көрмелер: Орталық Азия елдерінің ұлттық тағамдар фестивалі «Қазақ халқының мәдениеті» тақырыбында (2023 ж. Тәжікстан Республикасы, Душанбе қаласы); БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының 25 жылдығына орай СПЕКА елдерінің көрмесі (2023 ж. Әзірбайжан Республикасы, Баку қаласы); V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары (2024 ж. Астана қаласы).

Лекциялар саны – 1842.

            Музейдің 5 қызметкері мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқаны, елдің мәдениетін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі мен жеке үлесі және мәдениет саласын жетілдіруге белсене қатысқандары үшін «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Мекеме атауы

Мекемеде-

гі бөлім саны

Қызметкер-лер саны

Аға ғылыми қызметкер-лер

Ғылыми қызметкер-лер

Кіші ғылыми қызметкер-

лер

«Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

9

60

5

4

3

Тұрар Рысқұлов атындағы тарихи-өлкетану музейі

 

9

1

 

 

«Міртемір әдеби-мемориалдық» музейі

 

2,5

 

 

 

Саттар Ерубаев атындағы әдеби-мәдени музейі

 

6

 

 

 

Шардара ауданданындағы тарихи-өлкетану музейі

 

8

 

1

 

Сарыағаш аудандық тарихи-өлкетану музейі

 

5

 

 

 

«Ардақты ана» музейі

 

7

 

 

 

«Шаммат Ишан» музейі

 

6

 

 

 

Жалпы

9

103,5

6

5

3