Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
8 747 154 35 95 — Әбдібек Аделина
Кіру
Тіркелу

Б.з.б 2мың-1мың жылдық аралықты қамтиды. Тарихымыздың ұзақтығы екі мың жылға созылған Қола дәуірі үлкен бір серпіліс кезеңі болды. Мыс пен қалайының қоспасынан қола алып, одан түрлі құралдар, қару жарақтар, әшекей бұйымдар жасалды. Назарларыңызда Бағаналы қорым – адамды бір жамбас қырымен жерлеген. Адам баласы ананың құрсағында қалай жатса, дүниеден өткеннен кейін Жер ананың құрсағында солай жатады деген ұғыммен жерлеген. Егер ол ер адам болса, қару-жарақтарымен, әйел адамын әшекей-бұйымдарымен қоса жерлейтін болған. Сонымен қатар қола дәуіріне жататын тастан жасалған еңбек құралдар: балғалар, балталар, кетпендер, жебенің ұштары, қоладан жасалынған білезік, әртүрлі дән түйгіштер мен дән үгіткіштер.