Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 771 660 72 03 — Пошан Несібелі Бауыржанқызы
Кіру
Тіркелу

«Ардақты ана» музейі туралы анықтама

Музейдің атауы: - Түркістан облыстық мәдениет басқармасының «Түркістан     

                                  облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК-ның «Ардақты  

                                  ана» музейі

Мекен-жайы: - Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылы,  

                                  Жандарбеков №9Б

Электронды  адрес: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

Фейсбук сілтемесі: - https://www.facebook.com/share/15u9hko9A5/?mibextid

Инстаграм сілтемесі: - https://www.instagram.com/ardaqty_ana_muzei?igsh

Қызмет бағыты: - Өлкетануға негізделген музейлік қызмет. Тарихи-мәдени құндылығы бар жәрігерлерді жинақтау, сақтау, зерделеу, экспозициялық көрмелер, экскурсиялар, өлке тарихын насихаттау бағытында бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру.

Қысқаша тарихы

«Түркістан облыстықтарихи-өлкетану музейі»  МКҚК-ның «Ардақты ана» филиалы  2021 жылдың   желтоқсан  айында ашылып, 2022 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс жасауда. Музей облысымыздағы алтын құрсақты аналарды ардақтауға, олардың ерен еңбектерін насихаттауға, Тәуелсіздіктің 30 жылдығында сан алуан салаларда жетістікке жеткен үлгілі аналарды құрметтеуге бағытталып ашылған. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков қатысып музейдің тұсауын кесіп ашқан.  Музейдің алғашқы көрермені ретінде  ҚР Композиторлар одағының мүшесі, танымал әнші-композитор Құралай Сәтмұхамбетова, «Бейнелеу өнері» музейінің директоры, суретші Айнабек Оспанов, журналист Зәуре Оралбаева бастаған қонақтар жаңа музей экспозициясымен танысып, аралап өздерінің оң бағаларын берген.

Музей бүгінгі жаһандану заманында, әженің ертегісі мен ананың әлдиі сирек естілетін уақытта, технология дамыған сайын ұлттық ұлағат, аға ұрпақ өнегелері көмескіленген кезеңде өткен ғасырлардағы және бертінгі замандар мен Тәуелсіздік жылдарындағы ардақ тұтар аналарға тағзым етіп, тәлімдерінен тәрбие алуды көздейді.  

Музей біздің әрқайсымыз үшін есімдері қасиетті оңтүстік өңірінің, Түркістан облысының алтын құрсақты аналарына құрмет көрсету, асыл аналар тәрбиелеген атпал азаматтардың  өмірі мен еліне сіңіріп жүрген қызметтерін өскелең ұрпаққа өнеге ету арқылы бойында еліне деген сүйіспеншілігі бар, еліміздің жарқын болашағына жол бастар білімді де білікті азамат болуына ықпал жасау мақсатында жұмыс істейтін болады.

Музей аумағы -  601,7  шаршы метр, экспозициялар орналасқан аумақ-347,8  шаршы метр. Музейде «Ұрпағына ұран болған аңыз аналар»,  «Алтын жұлдызды БатырАналар», «Алтыннан алқа таққандар», «Алтын құрсақты аналар», «Ұлыстың ұйытқысы, ұлттың ұяты, берекенің бастауы – аналар» экспозициялық бөлімдері бар.

Музейдің жұмыс жасау кестесі.

Сағат: 9:00-18:00

Түскі үзіліс: 13:00-14:00

Демалыс күндері: Сенбі, жексенбі.

 Музейді тамашалау ақылы.(бағалары)

«Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің» филиалы «Ардақты ана музейінің» 2025 жылға арналған қызмет түрлерінің баға көрсеткіштері.

Ақылы қызмет атауы.

Кіру билеті:

Балалар: 100 теңге

Студенттер: 200 теңге

Ересектер: 300 теңге

Шетелдіктер: 500 теңге

1-6 жастағы бүлдіршіндерге, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, ҰОС ардагерлері мен ауған соғысы ардагерлеріне кіру тегін.