Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 771 660 72 03 — Пошан Несібелі Бауыржанқызы
Кіру
Тіркелу

Шардара аудандық тарихи-өлкетану музейі туралы анықтама

Музейдің атауы: - Түркістан облысы Шардара ауданы. Түркістан  

                                           облыстық  

                                           тарихи-өлкетану музейінің филиалы Шардара аудандық  

                                           тарихи-өлкетану  музейі.

Мекен-жайы: - Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласы Төле                  

                                           би көшесі 47 үй

Қызметтік/телефон: - 8(701) 308-62-99, 8(777) 556-61-45

Электронды  адрес: - Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

Фейсбук сілтемесі: - https://www.facebook.com/share/1EA8tWCvts/

Инстаграм сілтемесі: https://www.instagram.com/shardara.muzeum?igsh=cDFqbXlseTFob2J6&utm_source=qr

Тик ток сілтемесі: -https://www.tiktok.com/@shardara.muzeum?_t=ZM-8vBjxpeM3YD&_r=1

БИН: 141041028729

Қызмет бағыты: - Қызылқұм өңірі мен Шардара ауданы орналасқан аумақтың көне дәуірлерден бүгінге дейінгі келе жатқан тарихын зерттеу, зерделеу бағытындағы жұмыстар. Музей қоры мен тұрақты экспозициясында орналасқан жәдігерлер арқылы өңірдің тарихын көпшілікке зерттеу жұмыстары арқылы насихаттау, көрсету. Өлкетануға негізделген музейлік қызмет. Тарихи-мәдени құндылығы бар жәдігерлерді жинақтау, сақтау, зерделеу, экспозициялық көрмелер, экскурсиялар, өлке тарихын насихаттау бағытында бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру.

Қысқаша тарихы

Музей - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2007 жылғы 24 мамырдағы №188 қаулысымен ресми түрде құрылған. Музейдің негізін қалауға және оның дамуын негізінен үлес қосқан Шардара ауданының 2006-2007 жылдардағы әкімі қызметін атқарған Серікбай Ибадуллаев. Алғаш рет музей ашылған 2006 жылы бір жыл көлемінде қоғамдық негізде қызмет атқарып қорға 700-ге жуық жәдігер жинақтады. Сол жылдан бастап музей ұжымы көпшілікке негізінен экскурсиялар жүргізу және лекциялар оқу, көрмелер қою бағытында жұмыстар атқара бастады. Музей алғаш ашылған 2006 жылы оның лентасын сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тамара Қасымқызы Дүйсенова қиды. Алғашқы екі жылы музейге Қазақстанға танымал Нұрғали Нүсіпжанов, Мыңжасар Маңқытаев, Мұхтар Шаханов, Мақпал Жүнісова және т.б ақын-жазушылар, әншілер келіп қонақ болды және музей экспозициясы арқылы аудан тарихымен тереңірек танысты. Ең алғашқы музей ғимараты демеушілердің көмегімен салынған шағын үйде болды. Ал, 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстыұ бюджетінен қаржы бөлу арқылы жаңа, екі қабатты заманауи үйге көшірілді. Қазіргі таңда музей жаңа, типтік ғимаратта көпшілік қауымға қызмет көрсетуде. Шардара аудандық тарихи-өлкетану музейінің тұрақты экспозициясы 5 бөлімге бөлінеді. Атап айтқанда, табиғат, археология, этнография және тәуелсіздік бөлімдері көпшілік назарына тұрақты экспозиция ұсынылуда. Сонымен бірге, музейде негізгі және ғылыми көмекші қорларды есептегенде 3358 жәдігер бар. Оның негізгі қорында 2198 дана. Ал, ғылыми көмекші қорда 1160 жәдігер бар. Шардара аудандық тарихи-өлкетану музейі Шардара ауданындағы жалпы білім беретін мектептермен музей құрылған кезден бастап тығыз байланыста жұмыс атқаруда. Соның ішінде Шардара аудандық оқушылар үйінің тұрақты үйірмелері музейге ұдайы түрде келіп жәдігерлермен жұмыс атқарады және іс-шараларға қатысады. Шардара аудандық тарихи-өлкетану ұжымы Шардара ауданы әкімдігінің тапсырысымен және қаржы бөлуімен 2023 жылы «Құм қойнауындағы қазына. Шардара ауданының көне тарихы» атты жинақ кітап құрастырып жарыққа шығарды. Бұл кітап қазіргі күнге дейін, бүкіл аудандағы оқырмандардың, әсіресе мектеп оқушыларының қолданысында.