Көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Киіз үй. Ол тез жығып, түйеге артып жүруге, шапшаң тігуге ыңғайлы, көшіп- қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй біздің заманымыздың VII ғасырында кеңінен пайдаланып, киіз басу белгілері бір еңбек кәсібіне айналған.
Киіз үй жабдықтары:
Кереге - киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды. Керегенің әр ағашын желі, ал керегелік желінің ең ұзынын - ерісін, қысқалауын - балашық, ең қысқасын - сағанақ деп атайды. .
Уық - кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш. Ол сәмбі талдан жасалады.
Шаңырақ - киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Оны көбіне тораңғыдан, сом қайыңнан иіп қиюластырады, қоспаларын жылтырауық металмен, күміспен құрсайды
Таңғыш - екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр.
Бас арқан - керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл - арқан.
Шалма - уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр.
Басқұр - киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын, өрнекті жалпақ құр.
Үзік бау - үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау.
Белбау - туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан.
Түндік - шаңырақты, киіз есікті туырлық шетін бастыра жабылады. Түндіктің төрт бұрышына түндік бау байланады. Түндікті ық жақтан қайырып ашады, әйтпесе жел көтеріп, желпіп кетуі мүмкін.
Кочевые народы в летний и зимний периоды проживали в жилище — юрте. Юрта удобна для быстрого разборa и перевозки на верблюдах, легко и быстро устанавливается, приспособлена к кочевому образу жизни. Начиная с VII века нашей эры юрта получила широкое распространение, а изготовление войлока стало самостоятельным видом ремесла.
Элементы юрты:
Кереге — основа каркаса юрты. Каждую деревянную рейку кереге называют желі, самую длинную — еріс, более короткую — балашық, самую короткую — сағанақ.
Уық — деревянный элемент, соединяющий верх кереге с шаңыраком. Изготавливается из тальника.
Шаңырак — купол юрты, обеспечивающий её целостность и устойчивость. Обычно изготавливается из тораңгы или цельной берёзы, соединения укрепляются полированным металлом или серебром.
Таңғыш — узкая орнаментированная тесьма, предназначенная для соединения стыков (сағанақ) двух кереге.
Бас арқан — волосяной канат, которым снаружи обвязывают верх кереге.
Шалма — тесьма, которой перевязывают уыки для предотвращения их смещения.
Басқұр — широкая орнаментированная тесьма, используемая для украшения внутреннего убранства юрты и защиты мест соединения уыков с кереге от трения о кошмы.
Үзік бау — широкая плетёная тесьма, которой в двух или трёх местах крест-накрест привязывают края үзіка к кереге.
Белбау — волосяной канат, которым снаружи плотно обвязывают туырлык, чтобы он плотно прилегал к кереге и не срывался ветром.
Түндік — покрытие, закрывающее шаңырак и край войлочной двери. К четырём углам түндіка привязываются шнуры. Открывают түндік с подветренной стороны, иначе его может поднять и сорвать ветром.
Nomadic peoples lived year-round in a dwelling known as the yurt. The yurt is convenient for quick dismantling and transportation on camels, is easy and fast to assemble, and is well adapted to a nomadic way of life. From the 7th century AD, yurts became widely used, and felt-making developed into an independent craft.
Components of the yurt:
Kerege — the main lattice framework of the yurt. Each wooden slat of the kerege is called zheli; the longest is eris, the shorter ones are balashyk, and the shortest is saganak.
Uyk — a wooden pole connecting the top of the kerege to the shanyrak. It is made from willow.
Shanyrak — the dome of the yurt that forms and holds the structure together. It is usually bent and assembled from torangy wood or solid birch, with joints reinforced using polished metal or silver.
Tangysh — a narrow, ornamented band used to fasten and join the joints (saganak) of two kerege sections.
Bas arkan — a horsehair rope wrapped around the top of the kerege from the outside.
Shalma — a band used to tie the uyks to prevent them from slipping.
Basqur — a wide, ornamented band used to decorate the interior of the yurt and to protect the junction of the uyks and the kerege from rubbing against the felt coverings.
Uzik bau — a wide woven band used to tie the edges of the uzik to the kerege in two or three places in a crisscross manner.
Belbau — a horsehair rope wrapped around the outside of the tuyrlyk to ensure it fits tightly against the kerege and is not lifted by the wind.
Tundik — a covering that closes the shanyrak and the edge of the felt door. Ropes are attached to the four corners of the tundik. It is opened from the leeward side; otherwise, it may be lifted and blown away by the wind.

