Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
8 747 154 35 95 — Әбдібек Аделина
Кіру
Тіркелу

Қазақстан жерінде алғаш рет Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялаған ел – Қарахан елі. Қарахан мемлекеті  Х ғасырдағы бай елдердің бірі болған. Сіздердің назарларыңызға Қарахан мемлекетіне тиесілі жәдігерлер. Бұл жәдігерлер Отырар ауданының маңайынан табылған. Мынау, дөңгелек болып тұрған бұл дастархан деп аталады. Қазіргі шәй үстелдің алғашқы нұсқасы. Астарын ішіп болған соң, қабырғаға сүйеп қойған. Әрі көп орынды алмайды, әрі сыртындағы әдемі, геометриялық үлгілері үйге сәндік үлесін беріп тұрған. Қарахандықтардың дерхимдері, мыстан, күмістен жасалған теңгелері, ақшалары, 5-нөмірде тұрған бесік – екі түрлі айтады, бірінде баланың бесігі десе, бірінде құрсақ көтере алмай жүрген келіншектерге сәбилі болсын деген ниетпен берілетін болған. 3-нөмірде тұрған – сфераконустар, әртүрлі сұйықтықтарды, әтірлерді құйатын ыдыстар. Сауда-саттық кезінде өте қолайлы болған. Майшамдар, ошақтың қалдықтары.