Социализм құрылысын іске асыру мақсатында жүргізілген үлкен шаралардың бірі 1928 жылдың тамыз айының 27-жұлдызындағы «Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы» декретті жүзеге асыру болды. Ол бойынша байлардың малдары жаппай тәркіленіп, тартып алынды. Ортаға берілді. Колхоздар құрған болды. Есепке алынбаған қаншама мал таран-таражға ұшырады. Ортаға келген мал қысқа қарай не шөбі, не қорасы жоқтығтан босқа қырылды. Колхозға бермес үшін қырып тастаған малдар қаншама. Шаруашылық көзін білетін байлар басқа жаққа қашты, қуғын сүргін көрді.
Көшпелі аудандарда ұжымдастырудың қарқынының шапшаң жүргені сонша, кей жерлерде олар отырықшы аудандардан озып кетті. Атап айтқанда, 1930 жылдың басында отырықшы саналатын Арыс ауданы 61, Сайрам ауданы 63, Мақтарал ауданы 70 пайызға ұжымдастырылса,көшпелі Созақ ауданында оның дәрежесі 80,7 пайызға жеткен.
