Ордабасы жиыны 1726 жылы Қазыбек бидің ұйымдастыруымен Ордабасы тауының етегінде, Бадам өзенінің бойында, Жоңғар шапқыншылықтарына тойтарыс беру мақсатында бүкіл қазақтық жиын болды. Сол жиында жоңғарға қарсы күреске бас қолбасшы болып, Кіші жүз ханы Əбілқайыр сайланды. Сол жиынның негізінде 1728 жылы "Бұланты", 1730 жылы "Аңырақай" шайқастары ұйымдастырылды. Сол жиыннан "Ордабасы төбесі" деген төбе қалған.
Мәртөбе. Мәртөбе кешені Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабынан Қарамұрт ауылына қарай шыға беріс жолдың сол жақ бетінде орналасқан. Мәртөбеде үш би - Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би - "Жеті Жарғы" дала заңдарының кодексіне қол қойды, ал Тәуке хан оларды өз мөрімен бекітті деген аңыз бар. Бұл төбе Тәуке хан тұсында алғашқы құрылтайдың осында өтуімен де әйгілі. Кездесулер жыл сайын өткізіліп отырған, өйткені онда көші-қонның негізгі бағыттары айқындалды, жайылымдардың аумақтары ортақ пайдалануға беріліп, халықаралық қатынастар мәселелері талқыланды, дала демократиясының құжаттары реттеліп, жаңа заңдар қабылданды. Рулар мен тайпалардың ақсақалдары руаралық даулы мәселелерді қарады. Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін қазақ халқын біріктіру Мәртөбеде болғаны белгілі.
