Бұл кезеңде климаттың өзгеруіне байланысты, ауа райының сууына байланысты түкті жануарлардың, сүтқоректі жануарлардың, алғашқы адам тектес маймылдардың пайда болған дәуірі. Бизон, мусбаха жылқысы, мүйіз тұмсық және де алып жануарлардың тістері, бизондардың тістері, мусбаха жылқыларының тістері, мерке мүйіз тұмсықтарының тістері, алып түйелердің тістері, мамонттың тісі, пілдің тісі. Бұлардың барлығы да Кентау мен Түркістаннің ортасындағы Көшқорған деген жерден табылған. Полеонтологиялық жәдігерлер, жалпы зерттеушілерді таң қалдырып отырған дүниелер – бұл тістердің эмалі осы уақытқа дейін сақталған екен.
