Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 771 660 72 03 — Пошан Несібелі Бауыржанқызы
Кіру
Тіркелу
17 шілде күні «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының Сапар орталығында «Музейлік керамикалық бұйымдарды консервациялау және реставрациялау: заманауи тәсілдер, әдістер және озық тәжірибелер» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Семинардың ашылу рәсімінде музей ісі мен археология саласының мамандары құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараның ғылыми және тәжірибелік маңызын атап өтті. Пленарлық отырыста археологиялық коллекцияларды консервациялау, реставрациялау және музейлік мұраны сақтау саласындағы заманауи ғылыми тәсілдер мен озық тәжірибелер таныстырылды. Практикалық бөлімде қатысушылар реставрациялық шеберханалардың жұмысымен танысып, керамикалық бұйымдарды дайындау, консервациялау және реставрациялау бойынша шеберлік сабақтарына қатысты. Семинар қорытындысында музейлік мұраны сақтау саласындағы ғылыми зерттеулерді жетілдіру, инновациялық технологияларды енгізу және кәсіби ынтымақтастықты дамыту жөнінде ұсыныстар қабылданды.
Семинар жұмысына Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері А. Ержігітова мен А. Донец қатысып, «Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық коллекцияны консервациялау және реставрациялау тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада музей қорындағы археологиялық жәдігерлерді сақтау, консервациялау және реставрациялау жұмыстарының негізгі кезеңдері, қолданылатын әдістер мен технологиялар, сондай-ақ атқарылған жұмыстардың нәтижелері таныстырылды. Сонымен қатар, осы саладағы өзекті мәселелер мен оларды шешудің тиімді жолдары талқыланып, тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.
Семинар қорытындысында музейлік мұраны сақтау саласындағы ғылыми зерттеулерді жетілдіру, инновациялық технологияларды енгізу және кәсіби ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар қабылданды.