Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
8 747 154 35 95 — Әбдібек Аделина
Кіру
Тіркелу
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері А. Ержигитова 2026 жылғы 21–25 қыркүйек аралығында Қытай Халық Республикасының Ганьсу провинциясы, Дуньхуан қаласында өткен «Қытай мен Орталық Азия арасындағы Жібек жолы мәдени мұрасын қорғау жөніндегі семинар – 2026» халықаралық ғылыми жиынына қатысты.
Іс-шараға Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан 70-тен астам ғалым мен маман қатысып, Жібек жолының мәдени құндылығы, археологиялық жаңалықтар, мәдени мұраны қорғау және басқару, цифрлық технологиялар мен заманауи қорғау әдістері бойынша пікір алмасты. Семинар барысында қатысушылар Дуньхуан зерттеу академиясының тас үңгір фрескалары мен топырақ ескерткіштерін қорғау, мониторинг жүргізу және алдын ала ескерту жүйелері бойынша тәжірибесімен танысты.
А. Ержигитованың аталған халықаралық іс-шараға қатысуы музей үшін маңызды кәсіби тәжірибе алмасу мүмкіндігі болды. Ол мәдени мұраны зерттеу, сақтау, қорғау және цифрландырудың заманауи тәсілдерімен танысып, шетелдік ғалымдар мен мамандармен кәсіби байланыс орнатты. Семинар барысында алынған тәжірибе музей қорларын ғылыми зерттеу, цифрлық құжаттандыру және тарихи-мәдени мұраны көпшілікке таныстыру жұмыстарында қолдануға мүмкіндік береді. Халықаралық ғылыми жиындарға қатысу музей мамандарының кәсіби біліктілігін арттырып, халықаралық ғылыми-мәдени ынтымақтастықты дамытуға және Жібек жолы мұрасын сақтау бағытындағы бірлескен зерттеулерге үлес қосуға жол ашады.