Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+77252775579
Кіру
Тіркелу

Түркістан облыстық тарихи - өлкетану музейінде Алматы облысы музейлер бірлестігі МКҚК ұйымдастыруымен «Тарих пен сөз үндестігі» атты көшпелі көрменің ашылу салтанаты өтті.

Іс - шараның мақсаты: Қала қонақтарына және қала тұрғындарына Алматы облысынан шыққан ұлы тұлғалар Сүйінбай Аронұлы, Үмбетәлі Кәрібаев, Дінмұхамед Қонаев, Мұқағали Мақатаев сынды қайраткерлердің өмір жолын, шығармашылығын кеңінен таныстыру. Сонымен қатар, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Іс - шара соңында қонақтар Алматы облысынан шыққан ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығымен кеңінен танысып, олардың ел дамуына қосқан үлесімен танысып экскурсия тыңдады. Қатысушылардың тарихи - мәдени танымы кеңейіп, рухани - адамгершілік қасиеттері нығаяды. Сондай - ақ, мәдени мекемелер арасындағы шығармашылық байланыс пен ынтымақтастық күшейеді.

Аталмыш көрме музейімізде 17 - 23 қараша аралығында өтеді. Қала қонақтары мен тұрғындарын Алматы облысының ұлы тұлғаларына арналған көшпелі көрмені тамашалауға шақырамыз!