Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 771 660 72 03 — Пошан Несібелі Бауыржанқызы
Кіру
Тіркелу

Бүгін, 19 маусым – Түркістан облысының құрылған күні! Осынау айтулы мерекеге орай, музейімізде «Түркістан-Түркі әлемінің рухани жүрегі»  атты салтанатты көрменің ашылуы өтті.

Көрменің ашылу рәсіміне қала тұрғындары, музей қызметкерлері мен  студенттер қатысты. Шараны музей директорының орынбасары Р. Нарикова ашып, киелі мекеннің облыс орталығы болған 8 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани тұрғыдан жеткен жетістіктері мен  қарқынды дамуып келе жатқанын атап өтті.  

Көрменің  мақсаты – Түркістан өңірінің облыс мәртебесін алғаннан кейінгі серпінді даму тарихын паш ету, қасиетті жердің мәдени-рухани құндылықтарын келушілерге таныстыру, сондай-ақ жастар мен студенттерді өз өлкесінің тарихын қадірлеуге баулып, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.

Көрмеге жиналған қауым өңірдің тарихы мен бүгінгі жетістіктерінен сыр шертетін құнды жәдігерлермен танысты.

 Қасиетті Түркістан өлкеміз өркендей берсін!

Ұлы даланың жүрегінде орналасқан әсем шаһардың туған күні құтты болсын!