Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 771 660 72 03 — Пошан Несібелі Бауыржанқызы
Кіру
Тіркелу

ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ОРТАЛЫҒЫНДА «ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ – ҰЛТТЫҚ МҰРА» КӨШПЕЛІ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласындағы Қолөнершілер орталығының көрме залында Түркістан облысы мәдениет басқармасының қолдауымен, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Түркістан төрінде – ұлттық мұра» атты көшпелі көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Көрменің мақсаты – Түркістан облысының тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттау, музей қорында сақталған құнды жәдігерлерді жұртшылыққа таныстыру, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру және жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру.

Көрменің салтанатты ашылуына Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Шынарбайұлы, мәдениет саласының өкілдері, зиялы қауым, қала тұрғындары, жастар, туристер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Экспозицияда археологиялық жәдігерлер, Қазақ хандығы кезеңінің мұралары, этнографиялық бұйымдар, ұлттық музыкалық аспаптар, киіз үй мәдениетінің үлгілері, кесте өнерінің туындылары және Кенесары ханның қылышы көпшілік назарына ұсынылды.

Айта кетейік, жоба аясында алдағы уақытта музейдің облыстағы сегіз филиалы екі апталық көшпелі көрмелер ұйымдастырып, қордағы тарихи-мәдени құндылықтарды өңір тұрғындары мен қонақтарына таныстыратын болады.

Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі