Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 771 660 72 03 — Пошан Несібелі Бауыржанқызы
Кіру
Тіркелу

«Түркістан – рухани астана» көшпелі көрмесі түлкібаста

Кеше Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі Түркістан облысының құрылған күніне орай Т.Рысқұлов атындағы Түлкібас аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Түркістан – рухани астана» атты кезекті көшпелі көрмесін ұйымдастырып өткізді.

Көрме аясында қазақ халқының көрнекті қоғам қайраткері, этнограф, мәдениет жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына арналған фотокөрме ұсынылып, оның өмір жолы мен ұлттық мәдениетті жаңғыртудағы елеулі еңбектері таныстырылды.

Сонымен қатар, көне Түркістан қаласының бай тарихы, мәдени мұрасы және бүгінгі қарқынды дамуы бейнеленген көрме келушілер назарына ұсынылды.

Көрменің ашылу салтанатына оқушылар, музей қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысып, Түркістан өңірінің тарихи-мәдени құндылықтары туралы мол мағлұмат алды. Мұндай көшпелі көрмелер өңірлер арасындағы мәдени байланысты нығайтып, ұлттық мұраны кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.