Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 771 660 72 03 — Пошан Несібелі Бауыржанқызы
Кіру
Тіркелу

Бүгін Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде мәдени мұраны сақтау мен музей ісін дамыту бағытындағы өзара тәжірибе алмасуға арналған кездесу өтті.
Музейімізге арнайы қонақ болып келген Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Нұрмат Мансұров және Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің директоры Жандос Құрбан өңірлік музейлердің бүгінгі тынысы, саладағы өзекті мәселелер мен болашақтағы даму бағыттары жөнінде жан-жақты пікір алмасты.
Әңгіме барысында музейлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізу, көшпелі көрмелер ұйымдастыру және мәдени мұраны кеңінен насихаттау мәселелері талқыланды.
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейіне алғаш рет келген Нұрмат Мансұров музей экспозицияларымен және мекеменің материалдық-техникалық базасымен танысты. Сондай-ақ алдағы уақытта екі музей арасындағы шығармашылық байланысты одан әрі дамытып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін атап өтті.
Осындай мазмұнды кездесулер музейлер арасындағы кәсіби байланысты нығайтып, ұлттық мәдени мұраны дәріптеу жолындағы ортақ мақсаттарға жетуге жол ашады.