ТҮРКІСТАН МҰРАСЫ – СЫР ӨҢІРІНДЕ
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі«Мәдени көпір: Түркістан мұралары» жобасыаясында музей қорындағы құнды жәдігерлердіреспублика көлемінде насихаттау мақсатындаҚызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейініңфилиалы – Шиелі аудандық тарихи-өлкетанумузейінде көшпелі көрме өткізді.
Көрменің мақсаты – қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын кеңінен таныту, өңіраралық мәдени байланыстарды нығайту жәнеТүркістан өңірінің бай тарихы мен руханиқұндылықтарын жұртшылыққа насихаттау.
Іс-шараға мәдениет саласының өкілдері, зиялықауым мүшелері, жастар мен жергілікті тұрғындарқатысып, Түркістан өлкесінің сан ғасырлықтарихынан сыр шертетін бірегей жәдігерлерментанысты.
Көрмеде Түркістан өңірінің тарихы, мәдениеті, этнографиясы мен рухани өмірін айшықтайтынмузей қорындағы құнды экспонаттар көпшілікназарына ұсынылды. Сондай-ақ көрме келушілергеұлттық құндылықтарды дәріптеп, тарихи мұраныңмаңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
«Мәдени көпір: Түркістан мұралары» жобасыаясында ұйымдастырылып отырған бұл көшпелікөрме өңірлер арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытуға, музей қорларындағықұнды жәдігерлерді кеңінен танытуға және ұлттықтарихымызды насихаттауға бағытталған маңыздымәдени шаралардың бірі болды.
Көрме келушілер тарапынан үлкен қызығушылықтудырып, Түркістан мен Сыр өңірінің тарихи-рухани сабақтастығын айқындайтын тағылымдымәдени кездесу ретінде жоғары бағаланды.
