Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 771 660 72 03 — Пошан Несібелі Бауыржанқызы
Кіру
Тіркелу

Түркістан өңірінің құнды жәдігерлері сыр елінде

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің жылдық жоспарына сәйкес, музей қорындағы құнды жәдігерлерді республика көлемінде насихаттау мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Мәдени көпір: Түркістан мұралары» көшпелі көрмесімен Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі» филиалында қонақта болады.

Көрмеде ғасырлар қойнауынан сыр шертетін көне Түркістан қаласының тарихы, оның қазақ хандығының саяси және рухани орталығы, бірнеше ғасыр бойы хан ордасы әрі астанасы болған кезеңдері  таныстырылады. Сонымен қатар, өңір аумағындағы археологиялық зерттеу және қазба жұмыстары барысында табылған бірегей жәдігерлер, көне тұрмыстық бұйымдар, нумизматикалық және этнографиялық, коллекциялар көпшілік назарына ұсынылады.  

Бұл көрме – қазақ халқының тарихы мен мәдениетін дәріптеуге, өңіраралық мәдени байланысты нығайтуға және ұлттық мұраны кеңінен танытуға бағытталған маңызды мәдени шара.

Баршаңызды Түркістанның терең тарихы мен рухани қазынасын танытатын көшпелі көрменің қонағы болуға шақырамыз!

Көрме 2026 жылдың 23 маусым күні Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінде салтанатты түрде ашылып, 30 маусымға дейін жергілікті тұрғындар мен қонақтардың назарына ұсынылады.